Жаңалықтар

Тараздық имам садақадан түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алған ба

Тараздық имам садақадан түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алған ба
Фото: видеодан кадр 26.04.2024 13:49 2364

Әлеуметтік желіде дін қызметкері садақаға түскен ақшаға қымбат көлік сатып алды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторы мешітке келушілердің садақаға деп берген ақша жетімдерге, мүгедектерге, мұқтаждарға жұмсалмайтынын айтады. Бейнежазбаның соңында автор жол талғамайтын қымбат көлік имамға тиесілі дейді. 

ҚМДБ өкілдері видеодағы діни қызметкер «Әл-Әділ» мешітінің имамы екенін растады.

Видеодағы Lexus маркалы автокөлік діни кызметкерге тиесілі емес. Рамазан қайырымдылық айы болғандықтан, еліміздегі барлық мешітте қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылады. «Әл-Әділ»мешітінің имамы жамағатпен бірге қайырымдылық шарасын өткізу барысында осы видеоны әлдебіреулер сыртынан түсіріп алған, - делінген жауапта. 

Видеодағы Lexus маркалы автокөлік мешітке келуші азаматқа тиесілі болып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға