Жаңалықтар

Қазалыда «жасыл аймақ» апталығы өтуде

Қазалыда «жасыл аймақ» апталығы өтуде
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі 26.04.2024 17:28 365

Қызылорда облысы қазалы ауданында «жасыл аймақ» апталығы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық науқанының «Жасыл аймақ» апталығы аясында аудан тұрғындары, белсенді жастары мен волонтерлерінің қатысуымен Әйтеке би кенті Жанқожа батыр көшесіндегі су арналарын қоқыстан тазарту, 300 түп қаламша және гүл көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізіліп, 200 адам қамтылды.

Сондай-ақ, «Biz taza aimaq ushin» акциясы аясында аудан жастарының ұйымдастыруымен «Қоқысты балмұздаққа айырбаста» шарасы өтіп, белсене қатысқан жастарға балмұздақ таратылды. Аудан тұрғындары жастардың өнегелік істеріне ризашылықтарын білдірді.

Қазалыда «жасыл аймақ» апталығы өтуде

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға