Жаңалықтар

Елімізде ерлер әйелдерге қарағанда 9 жыл аз өмір сүреді

Елімізде ерлер әйелдерге қарағанда 9 жыл аз өмір сүреді
Фото: © Pixabay.com 26.04.2024 17:00 307

Қазақстанда ерлер әйелдерге қарағнда 9 жыл аз өмір сүреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бюроның 2023 жылғы есебінде халықтың орташа есеппен жасы 75,09. Олардың ішінде ерлердің үлесі 70,99 жас. Ал әйелдердің үлесі – 79,06 жас.

Қалалық тұрғындарының орташа есеппен жасы 75,73 болса, ауыл тұрғындарының үлесі 74,02 жасты құрады.

Ең жоғары туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы Алматы қаласында – 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 72,41 жас.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға