«Семей Орманы» аумағында өрт шықты

 t.me/qr_tjm
Фото: t.me/qr_tjm

Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей Орманы» МОТР филиалының аумағында орман өрті шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан. Оқиға орнында күнбағыс шемішкесінің қабықтары өртенген.

Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша, 0,22 га алаңдағы өрт оқшауланды.

Оқи отырыңыз