Жаңалықтар

Екі бала көз жұмған Атыраудағы пәтер өртіне қатысты тың дерек шықты

Екі бала көз жұмған Атыраудағы пәтер өртіне қатысты тың дерек шықты
Фото: instagram/atyrau_tjd 26.04.2024 12:02 1839

Атырау облысының полиция департаменті екі баланың өмірін жалмаған пәтердегі өртке қатысты тың ақпарат айтты,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер өрт қойған ер адамды ұстады.

Аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға орнында қалған жанармай құйылған ыдысты тапты. Жақын маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен ыдыспен бензин сатып алған 31 жастағы ер адам бейнекамералардың көмегімен анықталды. Ол зардап шегушінің танысы болып шықты, - деп хабарлады полиция.

Жедел іздестіру шарасы барысында күдікті Оралға бара жатқан жерінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.  31 жастағы күдіктіге қатысты «аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру фактісі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға