Жаңалықтар

Алматыда алма бақтарына ағаш отырғызу акциясы онлайн көрсетіледі

Алматыда алма бақтарына ағаш отырғызу акциясы онлайн көрсетіледі
Фото: t.me/almaty_akimat 26.04.2024 22:21 364

27 сәуірде Алматыда алма бақтарына жаппай көшет отырғызу кезінде онлайн көрсетілім ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігі Sergek Group-пен бірге ұйымдастыратын трансляцияны Almaty.gov.kz ресми сайтынан көруге болады. Кқшет отырғызу шарасын ALA саябағы мен Қарағайлы орманынан екі камера түсіреді.

Қаланың әр аймағындағы өзіңізге ыңғайлы кез келген жерден ағаш отырғызуға қатыса аласыз. «Ағаш отырғызу орнын» 2GIS сервисінен табуға болады. Ағаш отырғызатын орындарды Almaty.kz сайтынан да көруге болады,-делінген әкімдік мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жаппай алма ағаштарын отырғызып, алма бақтарын құру 27 сәуірде сағат 10:00–ден 13:00–ге дейін «Алматы — бақ қала» акциясы аясында өтеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға