Жаңалықтар

29 сәуірден бастап атыраулық оқушылар офлайн оқиды

29 сәуірден бастап атыраулық оқушылар офлайн оқиды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 26.04.2024 23:08 390

29 сәуірде Атырауда мектептер офлайн оқыту форматына оралады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, Атырау қаласында және қала маңындағы елдімекендерінде жағалауды нығайту жұмыстарының аяқталуына байланысты 29 сәуірде облыс орталығының барлық мектептері офлайн оқыту форматына көшеді. Сондай-ақ егер балалар белгілі себептермен Атырау қаласынан тыс жерде болса, олар оқуын онлайн форматта жалғастыра алады. 

Атырау облысында су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда одан әрі іс-қимыл алгоритмі алдын ала хабарланатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға