Өскемендегі рок фестивальда бардшылар, рокерлер мен казактар бір сахнада өнер көрсетті

28.01.2020 337

Өткен жексенбіде ауыр музыка әуесқойларының кеші өтті. Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығындағы рок-фестиваль ерекше өтті.

Себебі, казак этномәдени бірлестігі ұлттық музыка мен заманауи поп-музыканы шебер үйлестіріп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.


Бір сахнада өнер көрсеткен рокерлер мен казактар танымал әншілер мен топтардың композицияларын орындады. Атап айтқанда: «Король и Шут», «ДДТ», Виктор Цой, т. б. жиналғандарды таң қалдырып, казактардың ұлттық «Қылышпен биі» есте қаларлық нөмірге айналды.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальді өткізудің басты мақсаты - қала мен облыстың музыкалық мәдени дәстүрлерін жаңғырту, сондай-ақ, өлкенің шығармашылық жастарын бұқаралық мәдениетті қалыптастыруға тарту.

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін облыстағы «Эра», «Пульсация вен», «Эрцгамма», «Аркентстон», «Шерифы» сияқты рок топтар бірікті. «Бұл тек бастамасы ғана» дейді орындаушылар. Болашақта рок фестиваль кең көлемде аталып өтіледі деген зор сенім бар.

Ұқсас материалдар