Робототехникамен айналысудың пайдасы қандай?

16.05.2019 181
Кеше фантастика болған роботтар бүгінде «ақылды» құрылғылар болып шыға келді








icons8-картина-512.png

Қазіргі таңда әлем  көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Кеше фантастика болған робот, робототехника осы жаһандану дәуірінде «ақылды» құрылғылар ретінде өмірімізге дендеп ене бастады. Бүгінде түрлі салада адамдар осы роботтардың көмегіне жүгінеді. Сол себепті бүгінгі біз өмір сүріп отырған қоғам техниканың қыр-сырын білуді қажет етіп отыр. Өйткені, XXI ғасыр – робототехниканың заманы. 


Ең бастысы бұл қазіргі кезде трендтегі салалардың бірі. Күнделікті өмірде барлық салада қолданылатын робототехниканың көмегімен келешекте жарқын өмір сүруге үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Мамандардың пікірінше, таяу уақытта адам істейтін жұмыстың тең жартысын  роботтар атқаруы мүмкін. Сондықтан, қазіргі кезде ата-аналар балаларын 1 сыныптан бастап робототехника үйірмелеріне беруге асық. Нәтижесінде балалардың кішкентай кезінен бастап креативтілігі, логикасы  мен жан-жақты ойлау қабілеті дамиды. Бастысы болашақта мамандық таңдауда да өз пайдасын тигізетіні анық.

Ұқсас материалдар