Жаңалықтар

ҚХА мүшесі М. Шаймерденова өнер Академиясына кітаптар тарту етті

ҚХА мүшесі М. Шаймерденова өнер Академиясына кітаптар тарту етті
18.04.2019 00:00 2381

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясында кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхананың кітап қорын сақтау және толықтыру мақсатында Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі (ҚХА), Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшесі, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры Мендіғаным Шаймерденованың жеке кітап қорын, кітапхана қорына табыс ету іс-шарасы өтті.

Кітапхана қорын түрлі құжаттармен толықтыру, жастарды оқуға тарту мақсатында ұйымдастырылған акцияға М. Шаймерденова Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған кітаптар мен дискілер; тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосқан, Қазақстан Республикасының танымал тұлғалардың, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына арналған кітаптар, сондай-ақ 18 томдық «Сөздік» энциклопедиясын сыйға тартты. Акция аясында ұзын саны 50 дана кітап сыйға тартылды.

Акцияны ұйымдастырушылар профессор Меңдіғаным Джамалбекқызына кітапханаға сыйға тартылған кітаптар үшін шексіз алғысын білдірді. Кітаптардың маңыздылығы сол, студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарына арналған көмекші құрал болып табылады.

kaznai.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға