Астанада тілек білдірушілер татар халқының бай мәдениетімен танысты

29.01.2019 1003

Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қарамағындағы «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының бастамасымен «Аулак өй» татар халқының сауық кеші өтті өтті.

«Аулак өй» қазақ тіліне аударғанда қыздар ересектерсіз қалатын «еркін» немесе «оқшауланған жер» деген мағынаны білдіреді. Жастар ата-аналары қонаққа, жәрмеңкеге, базарға немесе басқа істер бойынша жол жүріп кеткен  қыздың үйінде жиналатын.

Дәстүр бойынша қыздар өздерімен сым, жіп, тігу құралдарын алып, бос уақыттарын жайылған дастархан басында ойын-күлкімен өткізеді екен. Жиын барысын сол үйдің қожайындарының туысы болып келетін қарт әйел бақылап, қыздарға түрлі ертегі, әңгімелер айтып, көрген-білгенімен бөлісетін. Жастар жиынға әкелінген азык-түліктерден тағамдар пісіріп, мәз-мейрам болады.

Аулак өй татар халық ойындарын сақтау, халықтық салт-дәстүрлері мен ұлттық фальклорын қайта жандандыру мақсатында өткізіліп тұрады дейді ұйымдастырушылар.

Аулак (башк. Аулак өй) – башқұрт, татар және удмурт жастарының бірлескен жұмыс және ойын-сауық үшін жиналатын дәстүрлі әдет-ғұрыпы. Іс-шараға барлық тілек білдірушілер – аналар, әжелер, қыздар мен жігіттер қатысып, жиын көңілді гармоньмен астарланып, ән-би мен дастархан басындағы достық шаймен аяқталады.

Ұқсас материалдар