Жаңалықтар

Каспийде итбалықтардың неден қырылғаны әлі анықталмады

Каспийде итбалықтардың неден қырылғаны әлі анықталмады
Фото: Маңғыстау облыстық экология департаменті 26.04.2024 02:39 394

Түпқараған ауданындағы теңіз жағалауында қырылған итбалықтардың өлімінің себебі әзірге белгісіз болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Облыстық экология департаменті 29 наурыз бен 8 сәуір аралығында жүзден астам теңіз жануары белгісіз жағдайда қырылған соң өлекселерден алынған сынамалар зерттеліп жатқанын мәлімдеді. Бірақ итбалықтардың нақты неден өлгені қазіргі уақытта анықталмаған. 

Наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Түпқараған ауданы аумағындағы Каспий теңізінің жағалауынан 78 өлі итбалық ұшасы табылды. Осыған қатысты Маңғыстау облысының экология департаменті су сынамаларын алып, ветеринариялық станция мен гидробиология және экология институтының қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе) ішінара іріктеді. Ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін азу, тырнақ және жүн сынамаларын алды. Бүгінгі күні зертханалық зерттеулер әлі жалғасып жатыр, - деді экология департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Соңғы рет сәуір айының сегізінде Түпқараған ауданынан тағы 25 итбалықтың ұшасы табылды.

Бұл бойынша жұмыс тобының барлық мүшелеріне жедел түрде хабарланды. Бүгінгі таңда қырылған итбалықтардың жалпы саны 103 басты құрады. Сонымен бірге, Каспий теңізінің жағалау аймағына мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты жалғасып жатыр, - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға