Жаңалықтар

Сауль Альварес абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады

Сауль Альварес абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады
Фото: instagram.com/caneloteam 05.05.2024 10:10 383

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес 76,2 келіге дейінгі салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы ол отандасы Хайме Мунгияны төрешілер шешімімен ұтты – 117:110, 116:111, 115:112.

Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен айқас 12 раундқа созылды.

33 жастағы Альварес 2021 жылдың қарашасында иеленген абсолютті әлем чемпионы атағын осымен төртінші рет қорғап қалды. Одан кейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) және Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын қорғап, Халықаралық бокс федерациясының (IBF) белбеуін жеңіп алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға