Жаңалықтар

Ұлым мен Салтанаттың ағасы төбелесіп, бәрі қанға боялды - Альмира Бишімбаева

Ұлым мен Салтанаттың ағасы төбелесіп, бәрі қанға боялды - Альмира Бишімбаева
Фото: Видеодан кадр 04.05.2024 13:01 3108

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаева сот жарыссөзінен соң пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті сот! Құрметті алқабилер алқасы! Мен бір нәрсеге назар аударғандарыңызды қалаймын. Адвокар Игорь Вранчев әкесі балаларын тастап кетіп қалды деп жатыр. Қуандық өз сөзінде жәбірленуші бөлменің бәрін қиратпасын деп есіктің алдында балаларын қорғап тұрғанын айтқан болатын. Сол түні 02:40-та Шымкенттегі маған Айтбек Амангелді хабарласып, айқайлап, боқтап, "Немереңізді өлтіремін, менің қарындасым қайда?" деп айқайлады, - дейді Альмира Бишімбаева.

Оның сөзінше, Қуандық үйде болған, ал балаларын аналары алып кеткен.

Мен Вранчевке мұның бәрі менің көз алдымда болғанын айтып тұрмын. Қуандық өзі сонда тұрдым деді. Расында да, бөлменің астаң-кестеңі шыөты, айналаның бәрі қан, әйнек сынған, ұлымның қолы кесілген. Ол үйде болатын, - деді Альмира Бишімбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға