Алматыда жеке инвестициялар есебінен болашақ ұстаздарға арналған жаңа заманауи студенттер жатақханасы салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа жатақхананың таныстырылымында болып, студенттер үйінің жай-күйін бағалады. Ол еліміздегі ең көп жоғары оқу орны шоғырланған қалада студенттердің жайлы ортада өмір сүруіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.
Жатақхана ҚазҰПУ, QyzPU, ҚазҰУ, С.Демирел атындағы университет және басқа да жоғары оқу орындарының болашақ оқытушы студенттеріне арналған. 1 млрд 350 млн теңгені құраған жоба «Karazhal operating», «Rise capital», «Daco Motors KZ», «San tyres», «Pine education», «Kazintel group» және т.б. 50-ден астам компания, меценат, инвесторларды біріктіре отырып, «Mugalim» қоғамдық бірлестігімен жүзеге асты.
Алматыда жаңа заманауи студенттер жатақханасы салынды
Оқи отырыңыз
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер