Жаңалықтар

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Фото: ҚР ҰОК 04.05.2024 15:41 355

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абылайхан Жұбаназар жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, 81 келі салмақта сынға түскен Абылайхан ширек финалда грузиядық Димитрий Гочилаидзені «иппон» ұпайымен жеңді. 

Сондай-ақ, Жұбаназар жарыс барысында Тәжікстан мен Грекия балуандарынан басым түсті.

Енді ол финал жолдамасын жапондық Юшито Ходжомен сарапқа салады. 

Ал 73 келідегі Дархан Қойбаған жартылай финалда швейцариялық Нилс Стампқа есе жіберіп, қола медальға таласатын болды. Дарханнның кіші финалдағы қарсыласы - моңғолиялық Эрденбаяр Батсцая. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға