Жаңалықтар

Су тасқыны кезінде иесіз қалған үйді тонаған күдікті ұсталды

Су тасқыны кезінде иесіз қалған үйді тонаған күдікті ұсталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 04.05.2024 16:00 3873

БҚО-ның 40 жастағы тұрғыны тасқын су кезінде иесі тастап кеткен Дерқұл ауылындағы үйлердің біріне кіріп, 700 мың теңгенің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні болған. Күдікті құны 700 мың теңге мүлкін ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Төтенше жағдай кезінде бұл әрекет жазаны ауырлататын жағдай болып танылады, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, жедел штабта өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин облыста ұрлық пен тонау деректері тіркелмегенін айтқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға