Жаңалықтар

Алматыда жас жігіт есірткіге мас күйде көлік ұрлап кеткен

Алматыда жас жігіт есірткіге мас күйде көлік ұрлап кеткен
Фото: Алматы облысы ПД 04.05.2024 16:42 403

21 жастағы жігітті Алматы облысының полицейлері көлік ұрлағаны үшін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Аленовтің сөзінше, Алматы қаласында белгісіз адам BMW автокөлігін айдап әкетіп, мегаполис шекарасынан шығып, қашып кеткен.

Патрульдік полицейлер Қонаев қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан ұрланған шетелдік көлікті байқап үлгерді. Қудалауды ұйымдастыра отырып, Алматы облысының тәртіп сақшылары Алматы-Өскеменнің 19-шақырымында жүргізушіні тоқтатты, – деді ол.

Ұсталған адам есірткіге мас болғаны белгілі болды. Күдіктінің автокөлікті басқару құқығын беретін қандай да бір құжаттары болмаған.

Автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға