Жаңалықтар

Атырауда пәтер өртеніп, екі бала қаза тапты

Атырауда пәтер өртеніп, екі бала қаза тапты
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 25.04.2024 14:47 1478

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде түгелдей жанған пәтерден 2014 жылғы және 2017 жылғы  екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға бүгін, таңғы 05:37 минутта болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше пәтер түгел жанып кеткен. Қаза тапқан балалардың 29 жастағы анасы мен азаматтық некедегі 30 жастағы жолдасы ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының өкілдері әйел адамның жағдайы аса ауыр, денесінің 90-95 пайызын күйік шалғанын мәлімдеді. Ал ер адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр.

Өрт сағат 6:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толықтай жойылды.

Облыстық полиция департаменті өрт қойды деген күдіктіні анықтап, қамауға алғанын хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға