Жаңалықтар

Ашық жүрекпен Рухани жаңғыру жолында

Ашық жүрекпен Рухани жаңғыру жолында
28.02.2018 02:13 2114

Бүгінгі күнде, журналистика әр адамның өмірінде ерекше орын алады. Теледидар, баспалы пресса, интернет-шығарылымдары, әлеуметтік желілер қоғамның күнделік өміріне толық кірген. Адам керекті ақпаратты алады, хабар біледі, сондай-ақ, уақытпен бірге алға ұмтылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының базасында журналисттер клубы ашылып, өз қызметін атқарып жатыр. Оның құрамына кәсіби журналисттер мен сарапшылар, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының редакторлары кіреді.

28 ақпанда Петропавл қаласының Достық Үйінде журналистер клубының «Ашық жүрекпен Рухани жаңғыру жолында» атты ашық отырысы өтті. Іс шара аясында, журналисттер клубының жаңа төрайымы – Ақ-Ләйлек Қайратқызы Жаукинаны ұсынуы өтті. Ақ-Ләйлек Қайратқызының жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы, белсенді өмірлік ұстанымы журналисттер клубы қызметінің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Өзінің сөз айтуында, Ақ-Ләйлек Қайратқызы журналисттер клубы сияқты ұйымның жұмысы өте маңызды екенің айтты. Аумақтағы этникаралық салада өтіп жатқан оқиғалар туралы тұрғындарды одан әрі ақпараттауға пікірлес, ұйымшыл кәсіби күшті команданы қалыптастыруға мүмкіндік. Облыстағы этномәдени бірлестіктер, аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылымдық бөлімшелер қызметін  дұрыс және құзыретті жарықтандыру арқасында маңызды мақсаттардың шыңына жетуге болады – облыста тұрып жатқан барлық этностардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін насихаттау және қазақстандық бірлікті нығайту.

Журналистика саласындағы жоғарыкәсіби мамандардың (бас редакторлар, директорлер, жетекші тілшілер мен жас тілшілер, сондай-ақ, орта білім беру орындарындағы жастар пресс-орталықтарының өкілдері) қатысуы шараның ерекшелігі болды. Бұл іс шара жастарға өңір БАҚ-ның «Бірінші тұлғалары» өмр тарихынан қызыққан сұрақтар қоюға мүмкіндік көрсетілген өзіндік тәжірибе алмасу болды.

Шара барысында, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының меңгерушісі – Наиль Камильевич Салимов пен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Әсемгүл Найманқызы Есқожа, «Проспект СК» газетінің бас редакторы - Юлия Дмитриевна Пронина сөз айтты.

Ресми іс шара ішінде қатысушыларды домбырада күй орындау мен өмірдегі басты құндылықтар: отбасы, махаббат, бейбітшілік пен достық тақырыптарына арналған жүрекжарғыш әндерімен қуандырған «Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» балаларының шығармашылық нөмірлері де болды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға