Жаңалықтар

Қарағандыда ғалымдар ұлтаралық тұрақтылық пен діндер арасындағы татулық жайлы ой өрбітті

Қарағандыда ғалымдар ұлтаралық тұрақтылық пен діндер арасындағы татулық жайлы ой өрбітті
22.10.2018 06:37 2009

Қарағандының Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінде Рухани келісім күніне арнап шара өткізді.

Студент жастармен конфессияаралық келісім және діни төзімділікті нығайту, тұрғындар арасында бейбітшілік пен татулықты, рухани келісімді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараға Қарағанды облысы «Полония» поляк қоғамының төрағасы Виталий Хмелевский, Қарағанды облысы бойынша бас имам Өмірзақ-қажы Бекқожа, Қарағанды және Шахтинск епархиясы протоиерейі Михаил Патрикеев, Қарағандыдағы  жоғарғы  рухани семинарлар оқытушысы Александр Посацкий, басқа да діни бірлестіктер жетекшілері қатысты.    

Виталий Хмелевский «Рухани келісім күні - Қазақстандағы айтулы даталардың біріне айналды. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі қалыптасқаннан-ақ бастау алған бұл мереке, бүгінде жыл сайын татулық, рухани келісімнің жолдарын іздестіру, адамдар арасында өзара түсіністік орнату, мейірімділік пен өз жақындарына қамқор болуға шақырады»,- деді.

 Бұдан бөлек, ғалымдар, фиололог мамандар да сөз сөйлеп, елімізде салтанат құрған ұлтаралық тұрақтылық пен діндер арасындағы татулықтың маңыздылығы жайлы ойларын айтты.

Өз кезегінде Александр Посацкий, «Қазақстанда этнос өкілдері барлығы бірдей деңгейде, татулықта өмір сүруде. Өз мәдениетін, салт-дәстүрін сақтай отырып, тарихы мен туған тілін насихаттауға хұқылы. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуінің бірден-бір белгісі осы» екенін атап кетті. Әріптесінің сөзін қолдаған облыстың бас имамы Өмірзақ-қажы Бекқожа: «Көршілес елдерде келісім мен ауызбіршіліктің жоқтығынан жазықсыз адамдар, сәбилердің жапа шегіп жатқанын әлемдік тәжірбиеден көріп отырмыз. Осы тұрғыда Қазақстанның ұстанған позициясы айқын. Әлемге дінаралық бейбіт қарым-қатынастың озық үлгісін көрсетіп отыр», - деді.

 Алқалы басқосудың соңында жиналғандар елдегі тұрақтылықты сақтауды басты орынға қойып, рухани келісімге барынша мән бергендіктен,  дінаралық татулық - тікелей Елбасы саясатының жемісі екенін баса айтып,  баршаны «Рухани келісім күнімен» құттықтап, бейбітшілік пен келісімді сақтауда жемісті еңбек тіледі.

Қарағанды аймағында 100 ден аса ұлт пен этнос өкілдері ауызбіршілікте, татулықта өмір сүріп келеді және бұл күн қоғамдық шараларда  белсенді атсалысатын этномәдени орталықтар үшін де өте маңызды.

 

   

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға