Жаңалықтар

Ақтөбе облыстық этномәдени орталықтарының жұмысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинациялармен аталып өтті

Ақтөбе облыстық этномәдени орталықтарының жұмысы 2018 жылдың қорытындысы бойынша түрлі номинациялармен аталып өтті
15.01.2019 06:23 1931

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында облыстық этномәдени бірлестіктердің 2018 жылы атқарған қызметтерін қорытындылау мақсатында ауқымды іс-шара өтті.

Кешке 18 этномәдени бірлестік өкілдері қатысып, өздерінің ұлттық киімдерімен тамаша сахналанған қойылымдар ұсынып, қазақтың  және өздерінің ұлттық әндерін орындады.

Кеш соңында «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Бақытгүл Снабаева этномәдение орталықтарды номинациялар бойынша марапаттады.

Елбасының жолдауын және түрлі бағдарламаларды халыққа, өзге ұлт өкілдеріне ақпараттандырып, насихаттауға атсалысқаны үшін «Жыл насихатшысы» наминациясымен «Қазақ тілі» халықаралық бірлестігінің филиалы, «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Урартудың армян қауымдастығы, «Алеся» белорустық қоғамдық бірлестігі марапатталады.

Облыс көлеміндегі қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысқаны үшін  «Жомарт жүрек» наминациясы бойынша «Дагестан» ұлттық-мәдени орталығы, «Сағдиана» өзбек ұлттық-мәдени орталығы, «Вайнах» шешен халқының этномәдени бірлестігі, республикалық ұйғырлар мәдени орталықтың «Назугум» бірлестігі марапатталды.

«Денсаулыққа қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Эллада» қоғамдық бірлестігі марапатталды.

Облыстық, республикалық көлемдегі ірі мәдени шараларға қатысқаны үшін және құрамында көп халықтық хор ұжымын құрғаны үшін «Жырлайтын жан» номинациясында «Славяне» орталығы, «Оксана» украйндердің ұлттық-мәдени орталығы және «Цыганская диаспора» қоғамдық бірлестігі марапатталды.

Классикалық тұрғыда поэзия кештерін өткізуде белсенділік танытқаны үшін «Мәңгілік әуен» номинациясы бойынша «Возрождение» немістер қоғамы, «Святло» поляк орталығы, «Шалом» еврей мәдени орталығы марапатталды.

Өз ұлттарының дәстүрлі мерекелерін, салт-дәстүрін халық арасында кеңінен насихаттап, достық пен татулықты ту еткені үшін «Халық палитрасы» номинациясы бойынша «Шатлык» татарлар мен башқұрттардың  этномәдени бірлестігі, кәрістер қауымдастығы марапатталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға