Жаңалықтар

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»

Сыр елінде өтіп жатқан халықаралық форум
«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
31.05.2017 10:46 8135

Қызылордада «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы өтуде.

Форум аясында түрлі іс-шаралар болды. Осындай іс-шаралардың бірі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде басталды. Іс-шараға ҚХА мүшелері, ЖОО-дың оқытушы-профессорлық құрамы, музейлер, мұрағаттар мен кітапханалардың қызметкерлері, кәсіпорындар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шарада ҚР Президенті Мұрағатының директоры Борис Жапаров дәріс оқыды. Ол өз сөзінде жыл сайын өткізілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумының мән-мағынасына, өзектілігіне тоқталды. «Форум шеңберінде өтіп жатқан бүгінгі бейбітшілік сабақтарының мақсаты – жастардың патриоттық сезімін ояту, толеранттылықты дамыту, жеке тұлғалық мәдениеттілікті, құқық қорғау және жеке бас бостандық  ұғымдарын түсіндіру», - деді ол. 

Форум аясында Қызылордада тағы бір маңызды іс-шараны атап өтуіміз қажет. Ол Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында «История Казахстана. 1917-2012. Документы и материалы» құжаттар жинағының таныстырылымы.

Іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар, таныстырылым шеңберінде «Ассамблеядан теңдессіз сый» акциясы өтті.

«Бүгін облыстық кітапханада осындай маңызды іс-шара өтті.  Өз басым «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумын ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған игілігі мол жоба деп білемін. Осы форум аясында Ассамблея кітапханамызға теңдессіз сый жасап жатыр. Бұл кітаптар ұрпақтан ұрпаққа жетіп, тарихтан сыр шертіп, облысымыздың рухани қазынасын айналады. Қазіргі кезде кітап оқу және кітапхананы қолдау – бұл бүгінгі қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі. Тәуелсіз еліміздің нығаю мен өркендеу жолындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының  қажырлы еңбегіне табыс тілеймін»,  - деді өз сөзінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Нұржамал Мырзамұратова.

ҚР Президенті Архивінің құжаттары бойынша шығарылған "История Казақстана. 1917–2012" хрестоматиясы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп даярланды.

«История Казахстана. 1917-2012. Документы и материалы»құжаттар жинағы Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кезеңдерін қамтыған, қоғам дамуының түрлі мәселелеріне қатысты есептер, қызметтік хаттар, шолулар мен мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлерінің жеке қорларынан алынған деректерден тарады.

Хронологиялық принцип бойынша құрастырылған хрестоматия жоғарғы оқу орындарына арналған "Қазақстан тарихы" курсының типтік бағдарламасына сәйкес келедіжәне Қазақстан қоғамының ХХ ғ. басынан 2012 жылға дейінгі дамуының барлық негізгі кезеңдерін қамтиды. Хрестоматияның "Қазақстан кеңестік дәуірде", "Тәуелсіз Қазақстан" тарауларының өзі: тоталитарлық жүйенің қалыптасуы және 1917–1940 жылғы соғысқа дейінгі кезең, Қазақстан 1941–1945 жылғы Ұлы отан соғысы жылдарында, соғыстан кейінгі және 1946-1985 жылғы тоқырау, 1986-1990 жылдардағы қоғамның демократиялық жаңаруы және 1991 жылдан бері тәуелсіздіктіңқалыптасу кезеңдері тарихи кезеңдерге бөлінеді деген.

Қызылордаға жиналған форум қатысушылары қоғамдық сананы Қоғамдық келісім кеңестері тұрғысында жаңғыртпақшы.

Оған дәлел, Нағи Ілиясов атындағы ауылында ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық сананы Қоғамдық келісім кеңестері тұрғысында жаңғырту» атты көшпелі отырысы. Іс-шара ҚХА «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы аясында ұйымдастырылды.

Отырысқа ҚХА, Қоғамдық келісім кеңестерінің, ғылыми-сараптамалық кеңестің мүшелері, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мекемелерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Әміржан Әлпейісов, Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

— Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Алаштың анасы болған Сыр елінде «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» форумын өткізгелі жатыр. Осы форум аясында өтіп жатқан Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы батыр ағамыз Нағи Ілиясовтың туған ауылында ұйымдастырылғаны қуантады. Ауылдың жетістіктерін баршамыз білеміз. Бұл ауылды мақтамаймыз, бұл ауылмен мақтанамыз. Мұндағы көрсетіліп жатқан қонақжайлылық, тұрғындардың жүзіндегі күлкісі, ауылдың әсем келбеті келісім мен бірліктің көрінісі деп білемін.

Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар Талсуат ауылының «Талсуат» оңалту орталығында өткен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық акциясына қатысты. Өңірлік ҚХА өкілдері балаларға сыйлықтарын табыстап, орталыққа қаржылық көмек көрсетті. Көңілдері қуанышқа толы «Талсуат» орталығының қызметкерлері мен бүлдіршіндері алғыстарын өз өнерлерімен жеткізді.

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының бірінші күні жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына арналған «Алжир» фильмінің көрсетілімімен аяқталды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға