Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы өрт сөндірілді

Дала өрті 3800 гектарға жайылған
Шығыс Қазақстан облысындағы өрт сөндірілді
Фото: egemen.kz 12.09.2022 21:08 1758

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 3800 гектарға жайылған дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды El.kz

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданындағы дала өрті 2 қыркүйек күні түскі уақытта шықты. «Зырян» орман шаруашылығындағы және «Быков» орманшылығындағы таулы аймақта бұта мен шөп жанған. 

«Тілсіз жаумен күреске ТЖД өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, орманшылар мен «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сондай-ақ 2 тікұшақ іске қосылған. Соның нәтижесінде, 12 қыркүйекте сағат 18.00 шамасында жалпы ауданы 3800 гектарды құраған қызыл жалын оқшауланды», - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға