Жаңалықтар

Шахмат. Ел құрамасы ерлеп тұр!

Қазақпараттың мәліметіне қарағанда қазақ қыздары бұл жолы да жеңіске жетті. 
Шахмат. Ел құрамасы ерлеп тұр!
03.08.2022 05:39 1325

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы бесінші ойынын өткізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Қазақпараттың мәліметіне қарағанда қазақ қыздары бұл жолы да жеңіске жетті. 

Ерлер құрамасы Латвияны 4:0 есебімен сүріндірді. Еліміздің атынан сынға түскен Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербектің барлығы жеңіске жетті. 

Олар бұған дейін Ливанды 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберіп қойды. 

Еліміздің қыздар құрамасы бесінші кездесуінде Кубадан 3:1 есебімен басым түсті. Құрама сапында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева ойын көрсетті. 

Олар бұған дейін Перу мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға