Жаңалықтар

Қытай армиясы Тайвань маңында әскери оқу-жаттығу өткізе бастады

Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар өткізеді.
Қытай армиясы Тайвань маңында әскери оқу-жаттығу өткізе бастады
Фото: smi24.kz 03.08.2022 04:39 1659

Қытайдың Халық-азаттық армиясы 4-7 тамыз аралығында Тайваньдағы алты ауданда әскери жаттығулар өткізеді, - деп хабарлайды EL.KZ Global Times басылымына сілтеме жасап.

Қытай Халық-азаттық армиясы Тайваньдағы алты ауданда бейсенбіден жексенбіге дейін маңызды әскери жаттығулар мен оқу іс-шараларын, соның ішінде атыс жаттығуларын өткізеді, - делінген хабарламада.

Қытай армиясы Тайвань маңында әскери оқу-жаттығу өткізе бастады

Еске салайық, 2 тамызда Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын. Сондай-ақ, АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға