Жаңалықтар

Автобус жарға құлап, 20 адам мерт болды

Автобус жарға құлап, 20 адам мерт болды
Фото: АР 04.05.2024 10:48 1237

Пәкістанда автобус жарға құлап, 20 жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға жұма күні, таңғы сағат 5:30 шамасында болған. Чилас қаласына 20 шақырым жерде, жылдамдықты күшейткен автобус жолдан шығып кеткен. Тағы 21 адам құтқарылып, ауруханаға жедел жеткізілді. Бес адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Мұндай адам өліміне әкелетін оқиғалар Пәкістанның қолданыстағы жол ережелеріне дұрыс сақтамайтын және жолдардың жағдайы нашар ауылдық жерлерінде жиі орын алады. Сонымен қатар, бұл елде әлемдегі ең биік тау жоталары бар. Онда қоғамдық көліктер де тік жартастардың бойындағы тар жолдармен жүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға