Жаңалықтар

Елордада шатырдан секірмек болған әйел құтқарылды

Сондай-ақ ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілді.
Елордада шатырдан секірмек болған әйел құтқарылды
Фото: dixinews.today 01.08.2022 22:29 1341

Елордада әйел ғимарат үстіне шығып секірмек болған, деп хабарлайды El.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 1 тамыз күні сағат 15:02-де «102» каналына Бейбітшілік көшесінде орналасқан ғимаратқа шығып алған әйелдің секірмек болып жатқаны туралы хабар келді. Оқиға орнына жедел қызмет жіберіліп, әйелді құтқарудың сәті түсті, - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Сондай-ақ ресми хабарламада суицид жасамақ болған әйелге психологиялық көмек көрсетілгені айтылған. Болған оқиғаға қатысты тексеру шарасы жүріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға