Жаңалықтар

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен аумақтардың 75 пайызы судан тазартылды

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен аумақтардың 75 пайызы судан тазартылды
Фото: Атырау облыстық жедел штаб 07.05.2024 00:17 548

Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен аумақтардың 75 пайызы судан тазартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық жедел штабтың мәліметінше, қаланы судан құрғату жұмыстары тәулік бойы үзіліссіз жүріп жатыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Құлсары қаласында 2723 тұрғын үй ауласы судан тазартылды. Бұл жұмыстарға ТЖМ, жергілікті атқарушы орган және өндірістік мекемелердің күш құралдары жұмылдырылуда. Қазіргі уақытта шығарылған судың жалпы көлемі 3 миллион 500 мың текше метрді құрайды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2723 тұрғын үй ауласы және 257 кәсіпкерлік, 29 әлеуметтік нысан аумағы судан тазартылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға