Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды
Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды
Фото: instagram.com/bibisarachess 06.08.2022 16:01 782

Шахматтан 18 жастағы қазақстандық әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Азияның үздік шахматшысы атанды. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды El.kz.

«Кеше Халықаралық шахмат федарациясының (Fédération Internationale des Échecs – FIDE ) марапаттау рәсімі өтті. Шахматтан әлемнің 15- чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасында 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы» сыйлығын тапсырды», - деді спортшы. 

Айта кетсек, Бибісара Асаубаева блицтен әйелдер арасында ең жас Әлем чемпионы. Бибісара 2021 жылдың 30 желтоқсанында Польшаның Варшава қаласында блицтен әйелдер арасында өткен Әлем чемпионатында 17 жасында жеңіске жетті. Ол әйелдер арасындағы гроссмейстер (2019). Ерлер арасында халықаралық шебер (2020). Блиц бойынша әлем чемпионы (2021).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға