Қандастар Ассамблея

Өскеменде трамвай қозғалысы тоқтайды

07.06.2022 135
Фото: altaynews.kz

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС ертеңнен бастап трамвай қозғалысы тоқтайтынын растады, деп хабарлайды El.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

7 маусымнан бастап Мызы, Қазақстан, Нұрмағамбетов (бұрынғы Орджоникидзе) көшелеріндегі рельстерді жөндеу, қайта жаңарту жобасының басталуына байланысты трамвай қозғалысы жабылатын болады, - деп түсіндірді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС басшысы Михаил Чайка.

Оның айтуынша, трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстары Қазақстан көшесіндегі Қабанбай батыр көшесімен қиылыстан трамвай паркіне қарай басталады.

Қозғалыс 10 күнге жабылады. Мейлінше жұмысты ертерек аяқтап, келесі дүйсенбіде тармвайларды іске қосуға тырысамыз. Яғни, 550 метр рельс жаңартылуы керек, - деп атап өтті ЖШС басшысы.

Айта кету керек, трамвай қозғалысы жабылған уақытта қосымша автобус маршруаттары қалай ұйымдастырылатыны әлі де белгісіз.

Ұқсас материалдар