Жаңалықтар

Президент: Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіп жатырмыз

Президент: Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіп жатырмыз
16.06.2022 17:13 2143

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдағы сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіліп жатқандығын айтты, – деп хабарлайды El.kz.

–  Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізіп жатырмыз. Бұл – еліміз үшін өте өзекті, қажетті мәселе. Қазақстан жемқорлықпен күрестің негізгі көрсеткіштері бойынша айтарлықтай алға басты. Халықаралық рейтинг агенттіктері осылай деп бағалап отыр. Бірақ, тоқмейілсіп отыруға болмайды. Өкінішке қарай, жемқорлық – жұрттың санасына сіңіп, әбден әдетке айналып кеткен. Бұл – ащы болса да, шындық,– деді Қ.Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға