Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Дәулет Тұрлыхановты қабылдады
Фото: Ақорда 22.06.2022 19:19 778

Мемлекет басшысы Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты қабылдады, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Дәулет Тұрлыханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа федерацияның бұқаралық және кәсіби спортты дамыту, Дене шынықтыру және спорт саласын өркендету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ балуандардың 2024 жылы өтетін Жазғы олимпиада ойындарына дайындығы туралы баяндады.

Сонымен қатар кездесуде жастардың өзекті мәселелеріне, соның ішінде оларды бұқаралық спорт түрлеріне тартуға, өңірлерде спорт инфрақұрылымдарын дамытуға баса мән берілді. Осы ретте Мемлекет басшысы аймақтарда жазғы және қысқы спорт түрлерін ілгерілету жұмыстарын күшейту қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға