Жаңалықтар

Майданға өз еркіммен аттандым

Ұлы Отан соғысының ардагері Сафоничева Раисамен сұқбат
Майданға өз еркіммен аттандым
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 06.05.2022 16:33 3319

Ұлы Отан соғысының ардагері Сафоничева Раиса 97 жаста. Қарт майдангер бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрады.

Майданға өз еркіммен аттандым

Раиса Сафоничева 1925 жылы 10 шілдеде Горьков облысының Лукоянов ауданы, Тольский Майдан ауылында жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 1932 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттаған. Қария соғыстың басталып кетуі себебінен 7 сынып ғана білім алған.

– Ең алғаш Горький қаласындағы Сормово әскери зауытында еңбек жолын бастадым. Алғашында әр түрлі жұмыстарды істедім. Одан кейін сырлаушы болдым. Танктер мен әскери құрылғыларды сырладым, – дейді қарт майдангер. 

Майданға өз еркіммен аттандым

Майданға өз еркіммен аттандым

Майданға өз еркіммен аттандым

Ардагер түнімен шатырда ішінде жарылғыш заты бар минаны сөндіретінін есіне алды. Ол госпиталдағы жаралыларға 2 жыл бойы донор болып, 8 кг 150 гр қан тапсырған.

– Негізі Раиса әжей өте кеңпейіл. Адаммен тез тіл табысады. Мінезі ашық-жарқын. Осы күнге дейін ешқандай жаман мінезін көрсеткен емес. Көптеген медальдары бар. Ол кісі Ұлы Отан соғысының мүгедегі, – дейді әлеуметтік қызметкер Сәуле Қазбекқызы.

Раиса әже 1943 жылы ерікті түрде майданға аттанады. Мәскеуде 1,5 ай байланысшылар курсын өтеді. Курсты аяқтай салысымен майдан шебіне жөнелтіледі. Байланысшы болып жұмыс істейді. Украина, Бессарабия, Венгрия, Румынияда болып, жеңісті Будапешт қаласында қарсы алады.

Майданға өз еркіммен аттандым

Майданға өз еркіммен аттандым

1946 жылы Горькийге өз Отанына оралады. Одан кейін тұрмыс құрады.

– Жолдасым ерте дүниеден өтті. Екі қызым бар. Біреі Украинада. Екіншісі өткен жылы қайтыс болды. Немерелерім мен шөберелерім жиі болмаса да іздеп келіп, қал-жағдайымды біліп тұрады, – дейді ардагер.

Майдангер жолдасы дүниеден өткеннен кейін құрылыста жұмыс істейді. 1965 жылы Жамбыл облысы Михайловка ауылына көшіп келеді. Ол жерде 15 жыл бойы зейнетке шыққанша аспаз болып жұмыс істейді.

Майданға өз еркіммен аттандым

Майданға өз еркіммен аттандым

1982 жылы Целиноград қаласына көшіп келеді. Зейнетте бола тұра еңбек етуін жалғастыра берді.

Ардагер 2018 жылдан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Шарапат» орталығында тұрып жатыр. Ұлы Отан соғысының орденімен, Украинаны азат ету, Будапештті азат ету, Еңбек ардагері, Ерен еңбегі үшін медальдарымен марапатталған. Орталықта ардагерге барлық жағдайлар жасалған. Жеке бөлме, төсек-орын, медициналық көмек көрсетіледі. Қарттар үйінде жақын араласып достасып кеткен жолдастары да бар.

Майданға өз еркіммен аттандым

Майданға өз еркіммен аттандым

Майданға өз еркіммен аттандым

Әңгіме соңында өз еркімен майданға аттанған ардагер еліміз аман, аспанымыз ашық болып, бейбіт заманда өмір сүруімізді тіледі.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға