Жаңалықтар

Марат Ахметжанов «Qorgau» жүйесінің ерекшелігімен таныстырды

Ішкі істер министрлігінде «Ашық есік күні» өтті
Марат Ахметжанов «Qorgau» жүйесінің ерекшелігімен таныстырды
23.06.2022 17:30 2673

Қазақстан Республикасының полиция қызметкерлеріне 30 жыл толуына орай Ішкі істер министрлігінің «Ашық есік күні» шарасына белгілі тұлғалар мен блогерлер қатысты,- деп хабарлайды El.kz.

– Елімізде полиция қызметкерлеріне биыл 30 жыл толды. Осыған орай, бірнеше өзгерістер енгізілмекші. Тың өзгерістерді учаскелік полиция қызметкерлерінен бастадық. Қазіргі маңызды дүние қағазбастылықты толғымен алып тастап жатырмыз. Бұрындары учаскелік полициясы инспектрлері жұмыс процесін автоматтандыру алдында, қандай да бір айппұл салу керек жағдайларда, міндетті түрде кемінде 1-2 құжат толтыру қажет болды. Енді оның барлығы электронды жүйеге көшті деп айта аламыз, - деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов.

Марат Ахметжанов «Qorgau» жүйесінің ерекшелігімен таныстырды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін зерделеп, қылмысқа қарсы күрес, қылмыстың алдын алу және жалпы қылмыс деңгейін төмендетуге үлесін қосатын ішкі істер органдарының түрлі цифрлық жобалары және шешімдерін таныстырды.

– Ол қазіргі уақытта халықты қорғауға қызмет ететін және оның қажеттіліктеріне сәйкес келетін полиция жүйесін құру бойынша шаралар қабылданып жатыр. ІІМ жүйесін жетілдіруге, терең талдау жүргізуге, қылмыстардың жасалу және өсу себептерін анықтауға, олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін барлық процестерді бюрократиядан арылту, цифрландыру және оңтайландыру сияқты басымдықтар белгіленген. Басты назарда – ведомстволық мәселелерді шешу емес, азаматтардың құқықтарын қорғау. Бұл үшін жаңа қазақстандық полиция жұмыста проблемалық-бағытталған тәсілді қолдануы тиіс, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Марат Ахметжанов «Qorgau» жүйесінің ерекшелігімен таныстырды

Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне енгізілген жаңа «Qorgau» жүйесінің жұмыстарымен таныстырды.

– 102-ге келетін қоңыраулар енді электронды жүйеде де жұмыс істейді. мысалы, кім, қайдан, қандай себеппен хабарласып жатқаны барлығы электронды жүйеге қосылады. Бүгінгі таңда 3 млн әкімшілік құқық бұзушылық оқиға тіркеліп отыр. Біз бұрын оның тек санын ғана білуші едік, қазір қай салада, кім және қашан жасағанын бәрін біле аламыз. Еліміздің барлық өңірлеріне жыл қосымша бейне бақылау камералары орнатылып жатыр. Олар тек қана көшеде емес, сауда орталықтарында, ауруханаларда және халық көп жиналатын орындарға орналастырып жатырмыз. Ондағы барлық жағдайды біздің оператырларымыз жіті бақылауда ұстап, қандай да бір заң бұзушылық немесе терракт қаупі төнген жағдайда мәселенің алдын алу үшін орналастырып жатыр. Белгілі бір мәселе орын алған жағдайда сол ауданға жақын жердегі біздің учаскелік плиция қызметкерлері 1-2 минутта жетіп мәселені өз бақылауына алады, - деді министр.

Сонымен қатар, полиция қызметкерелерінің көліктерінде арнайы «Qorgau» жүйесіне байланысты қосымша аппараттар орнатылып жатыр. Олар көшедегі бейне бақылаулармен тығыз жұмыс істейді. Бұрындары заң бұзушылық болса айыппұл көлемі 2 апта ішінде белгілі болатын еді. Ал, қазір азамат ережеге қарсы дүниелерге жол берсе онда айппұл 2 минут ішінде азаматтың жеке электронды парақшасына хат ретінде келетінін атап өтті.

Енді құзырлы орган қызметкерлері ұялы байланысқа орнатылған бейнекамералармен жұмыс істейді. Яғни, полиция қызметкерінің кіммен, қайда сөйлесіп жатқанынын барлығы таспаланатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға