Жаңалықтар

Ұлт ұясы – Ұлытаудың ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты – Тоқаев

Ұлт ұясы – Ұлытаудың ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты – Тоқаев
16.06.2022 15:34 1240

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жаңа құрылған Ұлытау облысын тың серпінмен дамытуға мүмкіндік барын айтты,- деп хабарлайды El.kz.

– Менің Жарлығыммен бұл өңірде жаңа облыс құрылғанын білесіздер. Қасиетті өлкенің атауын жаңғыртып, оны Ұлытау деп атадық. Дербес облыс мәртебесі осы аймақты тың серпінмен дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты жақсара түседі деп ойлаймын. Жаңа нысандар, солардың ішінде әлеуметтік кешендер бой көтереді, туристік әлеуеті артады. Облыстың алғашқы қадамы алқалы жиыннан басталуда. Ұлт ұясы – Ұлытаудың ғасырлар бойғы ұлы миссиясы қайта жалғасын тапты,- деді мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға