Әлеуметтік төлемдер әлеуеті

Еліміздегі зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау туралы сұрақтарға арнайы маман жауап береді

Бүгінде мемлекет халықтың әл ауқатына қатысты жұмыстарды қызу жүргізіп келеді. Оның ішінде әлеуметтік салаға баса назар аударылып жүр. Қазіргі таңда қоғамда аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы жанұяларға берілетін төлемдер және де әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғаюы мен балаға төленетін жәрдемақы төңірегінде өте көп сұрақтар туындап жүргенін жасырмаймыз. Осы және өзге де сауалдарға нақты түсіндірме беру үшін Нұр-Сұлтан қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің бас маманы Есентаев Нұржанмен сұхбаттасқан болатынбыз.

2019_04_10_100358364000-1068x711.jpg

Әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшесінің қызметіне зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындап, уақытылы төлем жасау жатады. Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің бас маманы Нұржан Кәрімұлының айтуынша, мекемеге Халыққа қызмет көрсету орталығынан зейнетақы мен жәрдемақыға қатысты құжаттар келіп түседі. Сол құжаттармен мамандар жұмыс істейді. Одан кейін жолданған мәліметтер бойынша олар барлығын жүйеге енгізіп, жәрдемақыны тағайындап, шешім шығару үшін өкілетті органға жолдайды. Қорытынды шыққаннан кейін ғана мамандар төлем жасай алады екен.

Зейнетақыға қатысты негізгі сауалдар

Жалпы зейнетақы төлемі үш түрге бөлінеді. Олар базалық зейнетақы, ынтымақтық немесе еңбек зейнетақысы және соңғысы жинақтаушы зейнетақы болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10 пайызын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде тұрақты түрде аударып тұруды қажет етеді. Төлем жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады. Ал базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болып табылады. Еңбек зейнетақысында еңбек өтілі есептеледі. Ол еңбек өтілімен жалақыға тәуелді болады.

144195.jpg

– Биылғы 2020 жылғы зейнетақы мөлшері 40441 теңгені құрады. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 17641-ден 31183 теңгеге дейін беріледі. Ал базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 32668 теңгені құрап отыр, – дейді маман.

Елімізде зейнетке шығудан бөлек зейнетақы мөлшерін қайта қарауға қатысты көптеген сұрақтар туындайды. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 6 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан бас маман Нұржан Есентаевтың айтуынша, күнделікті жұмыс барысында зейнетақы қашан түседі немесе зейнетақының дұрыс тағайындалмағандығы жөніндегі сауалдар жеткілікті қойылады екен. Халықты жиі мазалаған зейнетақы мөлшерін қайта қару туралы сауалға маман толық жауап беруге тырысты.

ccfce306-d6dd-4561-bce4-0c9781dad71f.jpg

(Суретте:  Нұр-Сұлтан қаласының Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің бас маманы Есентаев Нұржан)

Зейнетақы мөлшерін қайта қарау үшін сіз ХҚО арқылы өтініш бересіз. Содан кейін сізге бастапқы зейнетақы тағайындау кезінде белгілі бір себеппен еңбек өтілін немесе бір құжаттың дұрыс болмай, зейнетақыға енгізілмей қалған болса, сол енгізілмеген құжатты қайта ұсынып, зейнетақыны қайта қарауға тапсыра аласыз. Мысалы, зейнетақыға алғашқы құжат тапсырғанда еңбек кітапшасына жазылмай қалған жұмыс өтілі болса, сол жұмыс өтілін мұрағаттық анықтама арқылы дәлелдеп қайта қарауға тапсыра алады, – деді Нұржан Кәрімұлы.

Ал бүгінде елімізде әйелдердің зейнет жасын ұзартуға қатысты мәселе қоғамда жиі дау туғызғаны жасырын емес. Бұл сұрақ әлі күнге дейін көтеріліп келеді.

– ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету заңына сәйкес әйел адамдардың зейнетақы жасы 58 жас болып белгіленген. 2015 жылы ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша заңына өзгерістер мен қосымшалар енгізу барысында әйел адамдардың зейнетақы жасы 63 жасқа ұзартылды. Ұзартылу мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2027 жылдар аралығында зейнетақы жасына 6 ай қосылып отырып жүзеге асырылады, – деді Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің бас маманы.

475699d297afae315ef802312426354e_XL.jpg

Мемлекетіміздің зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша заңына сәйкес радиациялық аймаққа жататын азамат немесе азаматша зейнет демалысына шығуына қатысты сұрақтар да жоқ емес. Қазіргі кезде ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауға қатысты Қазақстан Республикасы заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес, азаматтардың қауіпті аймақтарда тұруы бес жылға дейін төмендетілді.

–  Ондай кезде зейнет демалысына шығу тек мынадай жағдайда ғана жүзеге асырылады. Ол азамат 1949 жылдың 29 тамызы мен 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында радиациялау аймақта кем дегенде 5 жыл тұрған болуы тиіс. Онда ер адамдар үшін 50 жасқа толған болуы тиіс. Ал әйелдер үшін 45 жасқа толуы керек, – деді Нұржан Есентаев.

Балаға төленетін жәрдемақы

Елімізде босанғанға дейін әйелдерің жұмыс істемеуі мүмкін жағдайлар да кездеседі. Осыған орай жүктілікке және бала тууға байланысты, сонымен қатар, бір жасқа дейінгі бала күтіміне қатысты төлемдер әр түрлі болады. Жалпы бала туғанға дейінгі міндетті жәрдемақы елімізде осыдан бірнеше жыл бұрын енгізілген еді. Бұл көмек жұмысы бар, сонымен бірге жұмыссыз әйелдерге мемлекеттік қаражаттан төленеді. Осы жылдың басынан берілетін бір реттік жәрдемақының көлемі  38 айлық көрсеткішті құрап отыр. Ал төрт немесе одан да көп балаға 63 айлық есептік көрсеткіште жәрдемақы төленеді. Егер әйел өмірге егіз, үшем немесе төрт баланы дүниеге әкелсе, бір жолғы мемлекеттік төлем әр сәбиге беріледі. Нәрестенің жасына толғанға дейінгі берілетін жәрдем сәби 1 жасқа келгенше төленеді. Ол республикалық және мемлекеттік сақтандыру қорынан беріледі. Ал жұмыссыз аналарға бір жасқа дейінгі төленетін жәрдемақы көлеміне келер болсақ, 1 балаға 15270 теңге, 2 балаға 18054 теңге, 3 балаға 20811 теңге төленсе, төрт және одан да көп балаға 23594 теңге төленеді. Ал жүктілікке дейін жұмысы болған аналарға төлем басқаша есептелініп беріледі.

– Жүктілікке байланысты жәрдемақы еңбекке жарамсыздық парағы берілген күннен кейін ХҚО Өтініш беру арқылы жүзеге асады. Еңбекке жарамсыздық парағына қоса, 20 сандық банк шотын және жеке куәлігімен ХҚО барып өтініш беріледі, – деді мекеме маманы.

-10-02-2020-140218.png

Ай сайынғы жәрдемақыны алатын адам ХҚК орталығына барып құжаттар тапсыра алады. Ол құжаттарға: өтініш, жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі мен банк шотының нөмірі керек болады. Құжаттарды өзіңіз немесе сенім берілген тұлға бойынша тұрғылықты жері бойынша ХҚК орталығынан тапсыра аласыз. Немесе бүгінгідей дамыған цифрлық ғасырда egov.kz порталы арқылы өтінім жіберуіңізге болады. Қазақстанда жұмыс істейтін әйелдер декреттік демалысқа жүктіліктің отызыншы аптасында шығады. Ал егіз, үшем болатын болса, жүктіліктің 28-ші аптасында декреттік демалысқа шығуға мүмкіндік беріледі. Әйел адамдарға босану күніне дейін 70 күн және босанғаннан кейін 56 күн жалпы 126 күнді құрайтын декреттік демалыс қарастырылған. Егер әйел адамның босануы қиын жағдайда өтсе немесе екі немесе одан да көп баланы дүниеге әкелсе 140 күн демалыс беріледі. Ал босанатын әйел ядролық сынақтар өткізілетін аймақтарда тұратын болса, ол ретте де сәйкесінше демалыс тағайындалады.

­Жүктілігіне байланысты жәрдемақы тағайындау ережесіне сәйкес 10 жұмыс күні ішінде шешім қабылданады. Егер өкілетті орган қосымша құжат сұратқан болса, тағайындау мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы екі орган арқылы республикалық бюджеттен қарапайым тілмен айтқанда жұмыс істемеген адамдарға тағайындалады. Республикалық бюджеттен тағайындалған жәрдемақы бала санына байланысты белгіленген мөлшерде ай сайын төленеді. Төлемнен зейнетақы жарнасы ұсталынбайды, ­–  деді бас маман.

Ал әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты тағайындалған ай сайынғы жәрдемақыдан 10 пайызы зейнетақы жарнасына аударылып отырады.

   Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы

Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдан бастап көпбалалы аналарға арналған жәрдемақы төмендегідей мөлшерде төленеді. Егер отбасында 4 бала болса 42496 тенге, бес балалы аналараға 53127 тенге, ал алты бала болса 63757 тенге беріледі. Егер де 7 немесе одан көп сәбиі болса, 74388 тенге мөлшерінде төлем жүргізіледі.

– Көпбалалы аналардың үлкен баласы 18 жасқа толып, мектептен кейінгі мекемелерде және жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқып жатқан болса, сол оқу орнынан анықтама алып ХҚО тапсыру арқылы жәрдемақыны создырып отырады. Үлкен баласы мектептен кейінгі мекемелерде немесе жоғарғы оқу орнында күндізгі бөлімде оқып жатқан болса, жәрдемақыны баласы 23 жасқа дейін алуға мүмкіндігі бар. Әзірге зейнетақы жүйесінде өзгерістер жоқ. Ал зейнетке шыққан азаматтар зейнет жасынан кейін жұмыс істеуді жалғастырған жағдайда, зейнетақы мөлшерінң өсуіне ешқандай септігі тимейтіндігін айтқым келеді, – деді Нұржан Кәрімұлы.

Ал алдағы уақытта елімізде жәрдемақы өсуі мүмкін. Бұл туралы жыл басында өткізілген кеңейтілген жиында Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеген болатын. Бұрынғыдай жеті немесе одан да көп балалы отбасыларға қазіргідей 74388 теңге емес, алдағы уақытта 159 теңгеге дейін берілуі ықтимал. Бұл бастама бойынша министр атаулы әлеуметтік көмек те жаңа тәртіппен тағайындалуы мүмкін екендігін айтқан еді. Егер министрдің бастамасы іске асатын болса 8 баласы бар отбасылар 84 мың, 9 баласы үшін 94 мың, ал 15 баланы тәрбиелеп отырған отбасылар 159 мың теңге алуы мүмкін. Жалпы ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, бүгінде еліміздегі 374 мың отбасы жәрдемақы алса, атаулы көмекті 73 мың жанұяға беріледі екен. Алдағы уақытта бала күту мерзіміндегі әйелдерге жәрдемақы төлеу мерзімін үш жылға дейін ұзарту мәселесі де қаралып жатқаны белгілі.

1570533265.jpg

Ал жәрдемақыға байланысты көпбалалы ана Құндыз Кәрімқызымен тілдескенімізде, ол бізге әр баланың өзіне берілген несібесі болатындығын, мемлекеттен 4 баласына жәрдемақы алып отырғанын жеткізді. Балаларға берілетін ақша мемлекеттен берілетін міндетті тағайындылатын көмек болғаннан кейін бәріне бірдей берілуі тиіс дейді жас ана. Бірақ та кейбір әйелдер мемлекеттен берілетін жәрдемақыны 6 баласына дайындап, тек 4 баласы ғана алып отырғандары бар көрінеді. Алдағы уақытта бұл мәселелер де шешімін табар деп ойлаймыз.

Сөз соңында мемлекетіміздегі әлемді жаулаған індетке байланысты енгізілген карантиндегі әлеуметтік көмек туралы айта кеткім келеді. Ол туралы арнайы брифингте Еңбек және Әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеген болатын. Көмек кірісін жоғалтқан азаматтарға беріліп келеді. Және де министр өз сөзінде 42500 теңге көлемінде мемлекеттің сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмай, жұмыстан демалысқа жіберілген шағын және орта бизнес қызметкерлері, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын табыстан айырылған жеке кәсіпкерлер, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға және де карантин кезінде елді-мекендерде жұмыс істейтін, жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген ірі кәсіпкерлік қызметкерлерге 11 мамырға дейін берілетін болады. 

(Суреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан  және yandex.kz сайтынан алынды)