Жаңалықтар

Иван Дычко 12-ші жеңісіне қол жеткізді

Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелді және ол соңына дейін созылды.
Иван Дычко 12-ші жеңісіне қол жеткізді
24.06.2022 08:36 777

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) кездесті. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелді және ол соңына дейін созылды. Иван Дычко төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан боксшысы кәсіби спорттағы 12-ші жеңісіне қол жеткізді.

Ал Аргентина боксшысы рингте төртінші рет жығылып отыр.

Айта кетейік, И.Дычко бұған дейінгі барлық айқастарын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған болатын. Бұл биылға оның алғашқы жекпе-жегі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға