Жаңалықтар

Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды

Қаржы пирамидасын құрғандар сотталды
23.06.2022 23:15 1057

Ақтөбеде "Gold Company LTD" қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz

Сот үкімімен Ресей азаматтары П.Литвиненко 12 жылға, Ю.Москвин 9 жылға, Ақтөбе қаласының тұрғыны Р.Қазыбаевқа 6 жылға  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот барысында белгілі болғанындай, қаржылық компания салымшыларға ақшаны канадалық фирмаға инвестициялап жатырмыз деп сендірген. Алданып, сан соғып қалғандар пирамидаға шамамен 10 млрд теңгеден астам қаржысын салған. Тек Ақтөбенің ғана емес, сондай-ақ Шымкент, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен қалаларының тұрғындары да салымшы болған.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылып, салымшыларға келтірген шығынды өтеуге міндеттелді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетейік, халық арасында "Голд" аталып кеткен қаржылық ұйымның басы-қасында жүргендерді полицейлер 2020 жылы қамауға алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға