Жаңалықтар

Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды

Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды
16.06.2022 17:44 1987

Мемлекет басшысының жарлығымен Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл туралы президент Ұлттық құрылтайда айтты, – деп хабарлайды El.kz.

– Азаматтарымыз саяси қолдауға ие болған кейбір адамдардың шектен тыс байып кететініне наразы. Оған қоса, олар байлықтарының қомақты бөлігін шетел асырып әкеткен. Халықтың ашуын түсінуге болады. Сондықтан, менің Жарлығыммен Арнаулы мекемеаралық комиссия құрылды. Комиссияның міндеті – шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару. Бұл – өте күрделі жұмыс, ұзаққа созылуы мүмкін. Себебі, көптеген заңдық процедурадан өту керек. Бірақ, біз қалай болса да, бұл мәселемен мұқият айналысуымыз қажет. Әйтпесе, әділетті қоғам туралы сөз қозғаудың өзі қиын болады,– деді Қ.Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға