Жаңалықтар

Ресей EXPO-2017 көрмесінде ұлттық павильонын ашты

Салтанатты рәсім
Ресей EXPO-2017 көрмесінде ұлттық павильонын ашты
10.06.2017 13:21 3821

Лентаны азотпен жару, Пятницкий атындағы хор, Орыс Арктикасы ең ірі экспозициялардың бірі ЭКСПО-2017 көрмесінің
алғашқы қонақтарын таңқалдырды.


Ресей Астана қаласында (Қазақстан) өз жұмысын осы күні бастаған "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі өз павильонын салтанатты түрде ашық деп жариялады. Ресей павильонының ашылу салтанатына Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. Павильонға жасалған эскурсия кезінде мемелекет Басшысын РФ өнеркәсіп және сауда Министрі Денис Мантуров, РФ энергетика Министрі Александр Новак, «Росатом» Бас директоры Алексей Лихачев сүйемелдеді.

Ресей павильоны келушілерді стандартты емес ашылу салтанатымен таңқалдарды. Әдеттегі лентаны кесу рәсімінің орнына павильонның Бас комиссары Георгий Каламанов және оның ұжымдасы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары Рапиль Жошыбаев мұзды лентаны жарды. Ашылу салтанатына сондай-ақ Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников; «Русатом международная сеть» Бас директоры Александр Мертен және «ОХК «УРАЛХИМ» АҚ, «Уралкалий» ЖАҚ, Татарстан Республикасы, «Норникель», «Росатом», Челябинск облысы, «Транснефть» ЖАҚ, Свердловск облысы,  «Россети» ЖАҚ компанияларының өкілдерімен қоса басқа да ресми тұлғалар мен ірі бизнес өкілдері қатысты.

«Біз «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» атты басты тақырыбын Орыс Арктикасы аймағының бірегей мысалында ашатын боламыз. Дәл осы аймақ Ресейдің балама энергетикасын дамыту көзқарасы тұрғысында ең келешегі зор өлке болып саналады. Сонымен қатар, бұл аймақ пайдалы қазбаларға бай», - деді өзінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Георгий Каламанов.

Арнайы ашылу салтанатына Астана қаласына ресей павильонының ашылу салтанатына арнап арнайы әзірленген бағдарламасымен Пятницкий атындағы Мемлекеттік академиялық орыс халық Хоры келді. 

"Арктика энергиясы" кіріспе орнатылымы, жанып тұратын арктикалық мұзды фактурасы бар көпқырлы декорациялар, "Полярлық жартышар" мультимедиалық аттракционы, сондай-ақ отандық энергетика жетістіктері мен гидроэнергетика, көмірсутек салаларындағы, балама және қайта жаңғыртылатын энергетика секторларындағы болашақ әзірленімдер Ресей Павильонының алғашқы қонақтарын таңқалдырды. Нағыз арктикалық мұзды сең - экспозицияның ең жарқын элементтерінің бірі болады.  Павильон ресей компаниясының энергетика облысындағы жетістіктерін де көрсететін болады. Мысалы, «Росатом» Ресейдің мұзжарғыш флоты тарихына «жаңа сөз» енгізді - «Лидер» келешекті атомдық мұзжарғышын әзірлеу.  Ауа-райы жағдайларына тәуелсіз түрде Арктикада жыл бойы навигациялау мүмкіндігін ұсынатын аталмыш мұзжарғыш 4 метрлік мұзды бағындырып, үздік жылдамдықты дамыта алады. Мұндай сипаттамалар Солтүстік теңіз жолымен жүк тасымалдау ұзақтығын барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

«ЭКСПО-2017» жұмысы 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Ресейдің EXPO-2017 көрмесіне қатысуын ұйымдастырушы РФ өнеркәсіп және сауда Министрі болып табылады. «Формика» компания тобы Көрме операторы болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға