Жаңалықтар

Әнуарбек пен Бекен кездесуі

Келесі жылы, иә, 1956 жылдың шілде айында Әнуарбек пен Бекен Алатаудың сұлу қойнауындағы «Просвещенец» демалыс үйінде кездесті. Бекеннің Әнуарбекті іздейтін себебі – бұл бір аңқылдаған ақ жарқын жанды туған ағасындай көреді. Әбден бауыр басып қалды. Сонау Семейде жатып, телефон арқылы жиі-жиі сәлемдесіп, бар жағдайын айтып, хабарласып жүреді. Ал, Әнуарбек болса Бекеннің радиодағы әндерінің концерттерде берілу жағын дәйім қадағалап, бәйек болады. Аға мен інінің арасындағы ғайыбынан үйлесе қалған бір игі жақындық. Бекен осыны дәтке қуат етеді. Осы жолы бұл жердің ауасы ұнай қалса біраз күн демалатын да ойы бар еді. Сырттай қызығып жүретін жер. Шырша, қарағайы, қайыңы сіресе өскен терең шатқал. Қалың жыныс. Қыз бұрымындай орап, бұлқына тулап жатқан өзеннің салқын лебі, хош иісі бұрқыраған алуан гүлдер… Ұлы сәске кезінде осы төңіректің жым-жырт боп тынып, сүттей ұйып қалатын мамыражай сәті Бекеннің жанын сергітті. Қайдағы бір ұмыт болған тәтті қиялын оятты. Бекен көңілі желпініп: – Әнаға, мына жер оншақты күн демалып, тыңайып қалғандай көкірегімді ашты. Дем жетпей булыға беруші едім. Біз тегі мұндай жерде демалу түгіл, өзімізге өзіміз қарай да бермейміз ғой. Ертегі дүниесіндей бір жәннат. Қандай саф ауа! – деп мұнартып тұрған тау жаққа таңдана қараумен болды. Бекеннің бұл сөзі Әнуарбекке ұнай кетті. –  Бекенжан, келгенің жөн. Демалатын уақытың болса қысылмай, ұялмай айт, бұл өзі бір тыныш, шипалы, жайлы жер. Осында жиырма жылдан бері демалам. Жазда ешқайда бармаймын да. Мені Қырымың да, Кавказың да, Балтық бойы да қызықтырмайды. Алатауың мынау, көк тіреген; деміңді ішке тарт та, жұта бер… жұта бер ауасын. Қойнауы көк майса, салқын самал. Ең болмаса екі апта тынықшы. Өткен жолы білдім… денсаулығыңда кінәрат бар. Және өкпе, ол… онымен ойнауға болмайды. Мен демалыс үйінің басшыларымен келісейін. Орналастырамын. Денсаулығыңды түзеуге өте қолайлы жер. Жат та демал. Әніңді шығар. Жалғызсыратпаймын. Қасымда боласың, – деді өзіне баурай тартып. – Қазір екеуміз тұп-тура директорына барамыз. Мұндай оңтайлы сәт бола бермейді. Ол өзі сөзімізді жерге тастамайтын жақсы кісі. Серілігі де бар, кең қолтық азамат. Сені сыртыңнан білуге тиіс. Әндерің радиодан беріліп жатыр. Былтырғы вальсің шыққан да шығар…соны ептеп айтып берсең де болар еді. – О, Әнаға, мұныңыз болмайды… болмайды, – деп күлді Бекен, – олай етсеңіз тап қазір қалаға қайтам. Әнуарбек: – Сен өзің осы жерде сәл тұра тұршы. Мен қазір… – деп елпектей сөйлеген күйі директордың кеңсесіне қарай тарта жөнелді. Сәлден соң Әнуарбек қайта оралды да: – Айттым ғой, «Жамақаевты біледі» деп, орын дайын. Бұл өзі сәтін салған іс болды. Осы жолы мұнда өңшең бір сайдың тасындай өнерлі жігіттер келіпті, қыз-келіншектер де жетеді. Кешінде би… ән… кино… демалғаныңа өкінбейсің. Бекен, кәне, жүр, ішке кірейік, – деп Бекеннің есін шығарды. Бір апта өткен соң Бекен бұл жердің ойы-қырын әбден біліп алды, сайсаланы кезді, өз ойымен өзі әлек. Нұрланып атқан таңға, алаулап батқан күнге, таң сәріде қауызын ашқан гүлге таң-тамаша боп сұқтанады еміреніп, таңғажайып табиғат құбылысына қызығып, нәрестедей мәз-мейрам…әсершіл көңіліне жарық дүниенің жазы орнады. Ентіккені, жөтелі басылды. Тәбеті де жақсы, ұйқысы тыныш. – Мен өмірімде өстіп көкірек кере тыныс алмаппын, Әнаға. Маған бір сарқылмас күш біткендей. Сіздің осы жақсылығыңызды немен… қалай өтесем екен? – деді Бекен тамылжыған бір тынық кеште серуен құрып келе жатып, – қолым қысқа… шырмауықтай шырмап алған қу тірлікте үзілген жіпті жалғай алмай жүремін сол, жүйке тоздырып. Әнуарбек ойланған күйі: – Біреуге жасаған жақсылық сатулы болмаса керек, Бекен. Қолымнан не келеді, сендей азаматтан аямаймын. Жаныңа не қажет, бәрін тауып берем. Сенің осы ниетіңе разымын, басқа сөздің қажеті жоқ, – деді, – Ит тағдырдың кей ісіне тарына берме. Бетховенше сіресіп, тіресіп бақ. Одан да көкейіңде не түйткіл бар, айт… айт қысылмай. – Сіз бен біздің енді бір ескеретін жайымыз бар, Әнаға. – Е, ол есімде, есімде. Хамиди ме? Е, Латиф әбзиге бару мәселесі ме? – Жо-жоқ… иә, Латекеңе де барамыз. Сіз не нәрсеге уәде беріп едіңіз? Ұмыттыңыз ба, оны? Әнуарбек аң-таң. Бекен жымиып тұр. – Е, Әнаға, Абай ағам не деуші еді? «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық»… ар жағы қалай еді, білесіз ғой, Әнаға? Әнуар қызара күлімсіреді, желкесін қасып: – імм, түсіндім, Бекен. Мен саған бұл жерде баян тауып берем деп едім. Ол тарс есімнен шығыпты. Оллаһи, ұмытып кетіппін, кешір мені, – деп өкіне бас шайқап, күліп жіберді. – Солай, Әнаға, басты қатыратын қым-қуыт ойдан арылғым кеп, өзіме-өзім тежеу сап, бір апта бойы қасыңызда тым-тырыс жүрдім. Бірақ баянымды ала келмегеніме өкіндім. Әуен деген қутың­даған қу түлкі. Жоқ жерде келіп арбайды. Жылт ете түсті ме, шап беріп ұстай алмадың, кеткені сол зым-зия жоғалып. Құсын алдырған аңшыдай дел-сал боп іштей мүжілесің. Оны өзіңнен басқа кім біліп жатыр?.. былтыр Латиф ағайда болғанмын. Оны сізге сол жолы айта алмадым. Асығыс-үсігіс Семейге қайттым. – Латекең не деді сонда? – Консерваторияда кездестік. Әдеттегіше сабағы бітіп отырған сәті екен, бір мекемелерге баратын шаруасын жиыстырып қойып, менімен ұзақ сырлас­ты. Вальсті көрсеттім. Рояльда қызыға ойнап: «Бұл – нағыз вальс! Толқитын, шалқитын жері қайырмасында. А-а-а-а-а-а-а-аха-хай, деп бастапсың. Дәл осы жерін тағы бір қайталап, осы толқынды қуалай толқытып, оған мол тыныс бер, лирикалық шуақты мөлдіретіп төк!» деді. Содан бері ойланумен жүр едім. Ақыры сол қайырманы осы жерде тапқандаймын. Тоқтадым соған. – Түсірдің бе, нотаға? Ондайда лып еткі­зіп түрте салу керек шығар, – деді Әнуар­бек Бекен тап сол жерін жоғалтып алатындай мазасыздана қалып, – Маған сіз баян табыңыз, баян! Енді жайбарақат жатудың реті жоқ. Жақсы тынықтым…жақсы. Тебіреніс оты күйдіріп бара жатты, Бекенді. Оның жалыны Әнуарбекті де шарпыды. – Тоқтай қал, тоқта… імм қазір… кеше маған түскі астан соң директор келмеді ме? – Келді, – деді Бекен, басын изеп. – Ол кісі маған: «Байқаймын, дем­алу­шылардың ішінде өнерлі жандар бар екен. Бір қызық болсын, со­лар­дың бас­тарын құрап, концерт ұйым­дастырсақ… Василий деген баян­шы жігітіміз бар, биді керемет құйқылжытады. Елгезек, өте ширақ, аңқылдаған сері жігіт. Соған ептеп қолдау жасайық. Киноны күнде көріп жүрміз ғой. Ондай думанды бұрын талай рет жасағанбыз. Сөйтіп, тау ішін жаңғыртып салмаймыз ба, сайранды? Біздің арамызда өзің айтқан композитор жігіт те бар емес пе?» деді. Бекен бұл сөзге елең ете қалды. – Баян бар екен. Мен саған әкеп беремін оны, Бекен. Сен де әзірлен. Маған қолқа салса Абай өлеңдерін оқи­мын. Келістік пе? Менімше, дирек­тордың әлгі тілегі өте орынды. Енді бөгелетін ештеме жоқ. Рахаттанып дем­алып жатырмыз; ән салып, би билеп тау ішін дүбірлетейік, – деп Әнуарбек жас жігіттей желпініп үйіріп барады мүлде. Сөйтіп, алдағы болар сауық кешіне әзірлік басталды. Думан болатын күні кешкі тамақ бір сағат ерте берілді. Бірде бір жан шет қалмай би алаңына жиналды. Василий төгілткен вальстерге желігіп алған қыз-келіншек, жігіт-желең толқындай ырғалып, биді биге жалғастырды. Оларға қызығып, әлі де болса, енжарлыққа, егделікке дес бермей жүрген жаны жас, көңілі сергек жандар бірінен соң бірі сахнаға шықты. Түнгі ән қырдан қыр асып, қойнаудан қойнауға тарап, шыңнан шыңға өрледі. Бір кезде Әнуарбек; – Халайық, біздің мына Василий демалсын, қолы талды. Араларыңызда баян тартатын кім бар? Ортаға шықсын. Кәне, кім бар? – деді. Дабырласқан жұрт бұл сөзге лып басылып, аңырып, тым-тырыс боп сілтідей тынды. Ешкім суырылып шыға қоймады. Жұрттың орта тұсынан Бекен қол көтерді. Әнуарбек жымың етті де: – Сәл ты­ныш­­­­т­алыңыздар! Сахнаға жас компози­тор Бе­­кен Жамақаевты шақырамын! – деді Ле­­ви­­­танша саңқылдаған ашық үнмен. Бекен қысылыңқырап сахнаға шықты. Жұрт бір-бірімен күбірлесе қалып, оған таңырқай қарады. Сонан соң ол күлімсірей сөйлеп: – Мен сіздерге «Амур толқыны» вальсін тартайын, – деп баянды алып, орындыққа отырды, – сіздерді биге шақырамын! Жапырласа орындарынан тұрған жұрт жылжыған сеңдей қозғалып, ырғала жөнелді. Вальстің құдыретті лебі дүниені қозғап жібереді. Тау тең­селіп, қарағай, шырша, қайыңдар мың бұрала иіліп, жапырақтар сыбдыр қақты, сылқ-сылқ күліп бұлақтар ақты, өзен шайқалды. Жүректер ынтыға соқты. Ай да жарқырап, аппақ нұрын таратты… «Амур толқыны» лыпылдаған ерке толқынын баяулата беріп бітті, бірақ ешкім биді тоқтатқысы келмеді. – Тағы! Тағы да вальс! – десті бәрі. Іле «Қазақ вальсі» шалқыды. Үміт есімді бір жайсаң мінезді әдемі келіншек әндетіп жүріп, дүйім жұртты үйірді. Үні колоратуралық сопрано екен. Өзі Көкшетаудан келіпті. Дауысына қызыққан жандар екінші рет орындатты, дуылдата қол соғып. Тау ішіндегі мына шалқуға іштей масаттанған Бекен орнынан тұрды да, басын иіп ізет білдірді: – Жаңа шығарған бір вальсім бар еді, – деді ақырын ғана. – Сол вальсті! Сол вальсті, тарт! – деп гуілдесті елігіп алған жұрт. Бекен ол вальстің мән-жайын айтайын деп ұмсына беріп еді, оған ешкім дес бермеді. Амал жоқ, емірене толқыған күйі үндемеді. Сөйтті де жаңа вальсінің кәусар әуезді ойнақы аккордын керілте мөлдіретіп, жігіттер тағы да бой түзеп, сымбаттана қалып, қыз-келіншектер күндей күлімдеп, бәрі жел шайқаған көк майсадай майысып, толқындай толқыды.Қарақат көздерден бақыт сәулесі ұшқын атты, тау ішін жастықтың ыстық лебі желпіп, жастық үн жаңғыртты. Тас бұлақ суындай ақтарылған вальсте шек жоқ шығар тегі, толқи берді, толқи берді… Межелі уақытта сауық кеші аяқта­лып, жұрт жөн-жөніне тарай бастады. Біреулер кеп Бекеннің қолын қысып, үлкен кісілер арқасынан қағып, бетінен сүйіп, ризашылықтарын айтты. Мынадай әлпешке қатты толқыған Бе­кен, Әнуарбекке сыбырлап: – Өзен жақ­­­ты аралап қайтайықшы, Әнаға! – деді. Екеуі өзенге бет алды. – Әнаға, – деп бастады Бекен, – осы вальсті дәл осылай болады деп ойлағам жоқ. Айы жарық, жұлдызы жанған осындай түндер… Не нәрсе болса да жанып тұрса деймін. Жалғанда ешнәрсе сөнбесін деңіз. Соны тілеймін… соны! Үні дірілдеңкіреп шықты. Жүрегін әрқилы әсер билеп келе жатқан Әнуарбек оған ойлана қарады. – Бұл вальстің болашағы алда әлі,– деді ол. Бекен үнсіз ғана езу тартты. – Розаның қолына тисе ғой! Бағл­а­но­ваны айтамын… – Өзіңізбен кездесер алдында радиода Роза апаймен жүздестім де. Вальсті рояльде ойнап көрсеттім. Бірақ қайырмасы шыға қойған жоқ еді, Роза апай еш нәрсе айтпады. Ойланған күйі «Басталуы жақсы. Нотасын…» деді. Асығыстық жасаппын. Кейін бетімнен отым шығып, ұялып жүрдім. Сол қайырма осы жерде шықты ғой, оны айттым, сізге. Бүгін биледіңіздер, оған. – Иә… иә… енді нотасын Розаға тезірек апарып бер. Бекен: – Әнаға, – деп бөгеле сөйледі, бүгін бір бақытты сәтті бастан кештім. Екеуі кілт тоқтады. Бекен мұңая сөйледі: – Адамнан құдіретті ешнәрсе жоқ. Адам дәрмені бәрін жеңеді. Бірақ бір ғана нәрсені жеңген емес… айықпас дерт қажытып барады мені. Батпандап кіріп, мысқалдап шығатын түрі жоқ. Екі өкпенің сау тамтығы қалмады. Көзімді ашқалы бері арпалысып келемін. Қырғыздың Тоқтоғұл ақыны: Ат арыбас болсаңшы, ей, Жаш қарыбас болсаңшы, ей. Жаратқаны чын болса, Аны жай-жайына қойсаңшы, ей! Жибек оңбос болсаңчы, ей, Жигит өлбөс болсаңчы, ей. Жигитпенен қыз өлсе-ей, Ана жерге көнбес болсаңшы, ей! – демеді ме? Шіркін, өмір… Ана дүниеден қорқушы ем, бүгінде ондай үрей жоқ менде, өмір өз дегеніне көн­діріп келеді. Адамның жылап отырып, күлетіні бар, кейде осыған таңғалам. Сырт көзге жаным жайсаң бір жанмын. Өз-өзіммен жеке бір қалғанда үһілеткен күрсінісімді кім біліп жатыр, Әнаға? Өзіме ғана аян бір тұңғиық құбылыс, ол. Кейде оған өзге түгіл өзімнің зердем жетпейді. Іштей жылап отырып, мырс етем. Тағдыр тәлкегімен махаббат мазағына ұшырап: «Джульетта…Джульет­та!» деп ұмсына тілек етіп, түнек түндей түнерген жүрегінен ай нұрын таратып, «Айлы сонатасын» мөлдіреткен Бетховен қандай құдіретті еді, Әнаға! Мен және Тағдыр… осы екеуіміз арбасып жүрміз, Әнаға. Жаңағы вальсті – «Махаббат вальсі» деп атадым. Ол – менің қас-қағым сәттік жаз күлкім, шат­тығым, бақытым! Осы сөзіме көктегі Жұлдыз, Ай куә! Бізді аялаған мына ұлы тіршілік куә! «Махаббат вальсіне» мәз болған жаңағы ғазиз жүректер куә! Бәрі куә! Әнуарбек Бекеннің көзінен жылт ете түскен жас тамшысын көрді. – Тіршілік қандай нұрлы, қандай нұрлы! – дей берді Бекен. Әнуарбектің құр сүлдесі тұр. Іші алау-жалау… алақұйын бірдеме. Бекенге тіктеп қарай алмады.   Илья Жақанов
14.11.2013 05:10 3342

Келесі жылы, иә, 1956 жылдың шілде айында Әнуарбек пен Бекен Алатаудың сұлу қойнауындағы «Просвещенец» демалыс үйінде кездесті. Бекеннің Әнуарбекті іздейтін себебі – бұл бір аңқылдаған ақ жарқын жанды туған ағасындай көреді. Әбден бауыр басып қалды. Сонау Семейде жатып, телефон арқылы жиі-жиі сәлемдесіп, бар жағдайын айтып, хабарласып жүреді. Ал, Әнуарбек болса Бекеннің радиодағы әндерінің концерттерде берілу жағын дәйім қадағалап, бәйек болады. Аға мен інінің арасындағы ғайыбынан үйлесе қалған бір игі жақындық. Бекен осыны дәтке қуат етеді. Осы жолы бұл жердің ауасы ұнай қалса біраз күн демалатын да ойы бар еді. Сырттай қызығып жүретін жер. Шырша, қарағайы, қайыңы сіресе өскен терең шатқал. Қалың жыныс. Қыз бұрымындай орап, бұлқына тулап жатқан өзеннің салқын лебі, хош иісі бұрқыраған алуан гүлдер… Ұлы сәске кезінде осы төңіректің жым-жырт боп тынып, сүттей ұйып қалатын мамыражай сәті Бекеннің жанын сергітті. Қайдағы бір ұмыт болған тәтті қиялын оятты. Бекен көңілі желпініп:
– Әнаға, мына жер оншақты күн демалып, тыңайып қалғандай көкірегімді ашты. Дем жетпей булыға беруші едім. Біз тегі мұндай жерде демалу түгіл, өзімізге өзіміз қарай да бермейміз ғой. Ертегі дүниесіндей бір жәннат. Қандай саф ауа! – деп мұнартып тұрған тау жаққа таңдана қараумен болды.
Бекеннің бұл сөзі Әнуарбекке ұнай кетті.
–  Бекенжан, келгенің жөн. Демалатын уақытың болса қысылмай, ұялмай айт, бұл өзі бір тыныш, шипалы, жайлы жер. Осында жиырма жылдан бері демалам. Жазда ешқайда бармаймын да. Мені Қырымың да, Кавказың да, Балтық бойы да қызықтырмайды. Алатауың мынау, көк тіреген; деміңді ішке тарт та, жұта бер… жұта бер ауасын. Қойнауы көк майса, салқын самал. Ең болмаса екі апта тынықшы. Өткен жолы білдім… денсаулығыңда кінәрат бар. Және өкпе, ол… онымен ойнауға болмайды. Мен демалыс үйінің басшыларымен келісейін. Орналастырамын. Денсаулығыңды түзеуге өте қолайлы жер. Жат та демал. Әніңді шығар. Жалғызсыратпаймын. Қасымда боласың, – деді өзіне баурай тартып. – Қазір екеуміз тұп-тура директорына барамыз. Мұндай оңтайлы сәт бола бермейді. Ол өзі сөзімізді жерге тастамайтын жақсы кісі. Серілігі де бар, кең қолтық азамат. Сені сыртыңнан білуге тиіс. Әндерің радиодан беріліп жатыр. Былтырғы вальсің шыққан да шығар…соны ептеп айтып берсең де болар еді.
– О, Әнаға, мұныңыз болмайды… болмайды, – деп күлді Бекен, – олай етсеңіз тап қазір қалаға қайтам.
Әнуарбек: – Сен өзің осы жерде сәл тұра тұршы. Мен қазір… – деп елпектей сөйлеген күйі директордың кеңсесіне қарай тарта жөнелді.
Сәлден соң Әнуарбек қайта оралды да: – Айттым ғой, «Жамақаевты біледі» деп, орын дайын. Бұл өзі сәтін салған іс болды. Осы жолы мұнда өңшең бір сайдың тасындай өнерлі жігіттер келіпті, қыз-келіншектер де жетеді. Кешінде би… ән… кино… демалғаныңа өкінбейсің. Бекен, кәне, жүр, ішке кірейік, – деп Бекеннің есін шығарды.
Бір апта өткен соң Бекен бұл жердің ойы-қырын әбден біліп алды, сайсаланы кезді, өз ойымен өзі әлек. Нұрланып атқан таңға, алаулап батқан күнге, таң сәріде қауызын ашқан гүлге таң-тамаша боп сұқтанады еміреніп, таңғажайып табиғат құбылысына қызығып, нәрестедей мәз-мейрам…әсершіл көңіліне жарық дүниенің жазы орнады. Ентіккені, жөтелі басылды. Тәбеті де жақсы, ұйқысы тыныш.
– Мен өмірімде өстіп көкірек кере тыныс алмаппын, Әнаға. Маған бір сарқылмас күш біткендей. Сіздің осы жақсылығыңызды немен… қалай өтесем екен? – деді Бекен тамылжыған бір тынық кеште серуен құрып келе жатып, – қолым қысқа… шырмауықтай шырмап алған қу тірлікте үзілген жіпті жалғай алмай жүремін сол, жүйке тоздырып.
Әнуарбек ойланған күйі:
– Біреуге жасаған жақсылық сатулы болмаса керек, Бекен. Қолымнан не келеді, сендей азаматтан аямаймын. Жаныңа не қажет, бәрін тауып берем. Сенің осы ниетіңе разымын, басқа сөздің қажеті жоқ, – деді, – Ит тағдырдың кей ісіне тарына берме. Бетховенше сіресіп, тіресіп бақ. Одан да көкейіңде не түйткіл бар, айт… айт қысылмай.
– Сіз бен біздің енді бір ескеретін жайымыз бар, Әнаға.
– Е, ол есімде, есімде. Хамиди ме? Е, Латиф әбзиге бару мәселесі ме?
– Жо-жоқ… иә, Латекеңе де барамыз. Сіз не нәрсеге уәде беріп едіңіз? Ұмыттыңыз ба, оны?
Әнуарбек аң-таң.
Бекен жымиып тұр.
– Е, Әнаға, Абай ағам не деуші еді? «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық»… ар жағы қалай еді, білесіз ғой, Әнаға?
Әнуар қызара күлімсіреді, желкесін қасып: – імм, түсіндім, Бекен. Мен саған бұл жерде баян тауып берем деп едім. Ол тарс есімнен шығыпты. Оллаһи, ұмытып кетіппін, кешір мені, – деп өкіне бас шайқап, күліп жіберді.
– Солай, Әнаға, басты қатыратын қым-қуыт ойдан арылғым кеп, өзіме-өзім тежеу сап, бір апта бойы қасыңызда тым-тырыс жүрдім. Бірақ баянымды ала келмегеніме өкіндім. Әуен деген қутың­даған қу түлкі. Жоқ жерде келіп арбайды. Жылт ете түсті ме, шап беріп ұстай алмадың, кеткені сол зым-зия жоғалып. Құсын алдырған аңшыдай дел-сал боп іштей мүжілесің. Оны өзіңнен басқа кім біліп жатыр?.. былтыр Латиф ағайда болғанмын. Оны сізге сол жолы айта алмадым. Асығыс-үсігіс Семейге қайттым.
– Латекең не деді сонда?
– Консерваторияда кездестік.
Әдеттегіше сабағы бітіп отырған сәті екен, бір мекемелерге баратын шаруасын жиыстырып қойып, менімен ұзақ сырлас­ты. Вальсті көрсеттім. Рояльда қызыға ойнап: «Бұл – нағыз вальс! Толқитын, шалқитын жері қайырмасында. А-а-а-а-а-а-а-аха-хай, деп бастапсың. Дәл осы жерін тағы бір қайталап, осы толқынды қуалай толқытып, оған мол тыныс бер, лирикалық шуақты мөлдіретіп төк!» деді. Содан бері ойланумен жүр едім. Ақыры сол қайырманы осы жерде тапқандаймын. Тоқтадым соған.
– Түсірдің бе, нотаға? Ондайда лып еткі­зіп түрте салу керек шығар, – деді Әнуар­бек Бекен тап сол жерін жоғалтып алатындай мазасыздана қалып, – Маған сіз баян табыңыз, баян! Енді жайбарақат жатудың реті жоқ. Жақсы тынықтым…жақсы.
Тебіреніс оты күйдіріп бара жатты, Бекенді. Оның жалыны Әнуарбекті де шарпыды.
– Тоқтай қал, тоқта… імм қазір… кеше маған түскі астан соң директор келмеді ме?
– Келді, – деді Бекен, басын изеп.
– Ол кісі маған: «Байқаймын, дем­алу­шылардың ішінде өнерлі жандар бар екен. Бір қызық болсын, со­лар­дың бас­тарын құрап, концерт ұйым­дастырсақ… Василий деген баян­шы жігітіміз бар, биді керемет құйқылжытады. Елгезек, өте ширақ, аңқылдаған сері жігіт. Соған ептеп қолдау жасайық. Киноны күнде көріп жүрміз ғой. Ондай думанды бұрын талай рет жасағанбыз. Сөйтіп, тау ішін жаңғыртып салмаймыз ба, сайранды? Біздің арамызда өзің айтқан композитор жігіт те бар емес пе?» деді.
Бекен бұл сөзге елең ете қалды.
– Баян бар екен. Мен саған әкеп беремін оны, Бекен. Сен де әзірлен. Маған қолқа салса Абай өлеңдерін оқи­мын. Келістік пе? Менімше, дирек­тордың әлгі тілегі өте орынды. Енді бөгелетін ештеме жоқ. Рахаттанып дем­алып жатырмыз; ән салып, би билеп тау ішін дүбірлетейік, – деп Әнуарбек жас жігіттей желпініп үйіріп барады мүлде.
Сөйтіп, алдағы болар сауық кешіне әзірлік басталды.
Думан болатын күні кешкі тамақ бір сағат ерте берілді. Бірде бір жан шет қалмай би алаңына жиналды. Василий төгілткен вальстерге желігіп алған қыз-келіншек, жігіт-желең толқындай ырғалып, биді биге жалғастырды. Оларға қызығып, әлі де болса, енжарлыққа, егделікке дес бермей жүрген жаны жас, көңілі сергек жандар бірінен соң бірі сахнаға шықты. Түнгі ән қырдан қыр асып, қойнаудан қойнауға тарап, шыңнан шыңға өрледі.
Бір кезде Әнуарбек; – Халайық, біздің мына Василий демалсын, қолы талды. Араларыңызда баян тартатын кім бар? Ортаға шықсын. Кәне, кім бар? – деді.
Дабырласқан жұрт бұл сөзге лып басылып, аңырып, тым-тырыс боп сілтідей тынды. Ешкім суырылып шыға қоймады. Жұрттың орта тұсынан Бекен қол көтерді.
Әнуарбек жымың етті де: – Сәл ты­ныш­­­­т­алыңыздар! Сахнаға жас компози­тор Бе­­кен Жамақаевты шақырамын! – деді Ле­­ви­­­танша саңқылдаған ашық үнмен.
Бекен қысылыңқырап сахнаға шықты. Жұрт бір-бірімен күбірлесе қалып, оған таңырқай қарады. Сонан соң ол күлімсірей сөйлеп: – Мен сіздерге «Амур толқыны» вальсін тартайын, – деп баянды алып, орындыққа отырды, – сіздерді биге шақырамын!
Жапырласа орындарынан тұрған жұрт жылжыған сеңдей қозғалып, ырғала жөнелді. Вальстің құдыретті лебі дүниені қозғап жібереді. Тау тең­селіп, қарағай, шырша, қайыңдар мың бұрала иіліп, жапырақтар сыбдыр қақты, сылқ-сылқ күліп бұлақтар ақты, өзен шайқалды. Жүректер ынтыға соқты. Ай да жарқырап, аппақ нұрын таратты…
«Амур толқыны» лыпылдаған ерке толқынын баяулата беріп бітті, бірақ ешкім биді тоқтатқысы келмеді.
– Тағы! Тағы да вальс! – десті бәрі.
Іле «Қазақ вальсі» шалқыды. Үміт есімді бір жайсаң мінезді әдемі келіншек әндетіп жүріп, дүйім жұртты үйірді. Үні колоратуралық сопрано екен. Өзі Көкшетаудан келіпті. Дауысына қызыққан жандар екінші рет орындатты, дуылдата қол соғып. Тау ішіндегі мына шалқуға іштей масаттанған Бекен орнынан тұрды да, басын иіп ізет білдірді: – Жаңа шығарған бір вальсім бар еді, – деді ақырын ғана.
– Сол вальсті! Сол вальсті, тарт! – деп гуілдесті елігіп алған жұрт.
Бекен ол вальстің мән-жайын айтайын деп ұмсына беріп еді, оған ешкім дес бермеді. Амал жоқ, емірене толқыған күйі үндемеді. Сөйтті де жаңа вальсінің кәусар әуезді ойнақы аккордын керілте мөлдіретіп, жігіттер тағы да бой түзеп, сымбаттана қалып, қыз-келіншектер күндей күлімдеп, бәрі жел шайқаған көк майсадай майысып, толқындай толқыды.Қарақат көздерден бақыт сәулесі ұшқын атты, тау ішін жастықтың ыстық лебі желпіп, жастық үн жаңғыртты. Тас бұлақ суындай ақтарылған вальсте шек жоқ шығар тегі, толқи берді, толқи берді…
Межелі уақытта сауық кеші аяқта­лып, жұрт жөн-жөніне тарай бастады. Біреулер кеп Бекеннің қолын қысып, үлкен кісілер арқасынан қағып, бетінен сүйіп, ризашылықтарын айтты.
Мынадай әлпешке қатты толқыған Бе­кен, Әнуарбекке сыбырлап: – Өзен жақ­­­ты аралап қайтайықшы, Әнаға! – деді.
Екеуі өзенге бет алды.
– Әнаға, – деп бастады Бекен, – осы вальсті дәл осылай болады деп ойлағам жоқ. Айы жарық, жұлдызы жанған осындай түндер… Не нәрсе болса да жанып тұрса деймін. Жалғанда ешнәрсе сөнбесін деңіз. Соны тілеймін… соны!
Үні дірілдеңкіреп шықты. Жүрегін әрқилы әсер билеп келе жатқан Әнуарбек оған ойлана қарады.
– Бұл вальстің болашағы алда әлі,– деді ол.
Бекен үнсіз ғана езу тартты.
– Розаның қолына тисе ғой! Бағл­а­но­ваны айтамын…
– Өзіңізбен кездесер алдында радиода Роза апаймен жүздестім де. Вальсті рояльде ойнап көрсеттім. Бірақ қайырмасы шыға қойған жоқ еді, Роза апай еш нәрсе айтпады. Ойланған күйі «Басталуы жақсы. Нотасын…» деді. Асығыстық жасаппын. Кейін бетімнен отым шығып, ұялып жүрдім. Сол қайырма осы жерде шықты ғой, оны айттым, сізге. Бүгін биледіңіздер, оған.
– Иә… иә… енді нотасын Розаға тезірек апарып бер.
Бекен: – Әнаға, – деп бөгеле сөйледі, бүгін бір бақытты сәтті бастан кештім.
Екеуі кілт тоқтады. Бекен мұңая сөйледі:
– Адамнан құдіретті ешнәрсе жоқ. Адам дәрмені бәрін жеңеді. Бірақ бір ғана нәрсені жеңген емес… айықпас дерт қажытып барады мені. Батпандап кіріп, мысқалдап шығатын түрі жоқ. Екі өкпенің сау тамтығы қалмады. Көзімді ашқалы бері арпалысып келемін.
Қырғыздың Тоқтоғұл ақыны:
Ат арыбас болсаңшы, ей,
Жаш қарыбас болсаңшы, ей.
Жаратқаны чын болса,
Аны жай-жайына қойсаңшы, ей!
Жибек оңбос болсаңчы, ей,
Жигит өлбөс болсаңчы, ей.
Жигитпенен қыз өлсе-ей,
Ана жерге көнбес болсаңшы, ей! – демеді ме? Шіркін, өмір…
Ана дүниеден қорқушы ем, бүгінде ондай үрей жоқ менде, өмір өз дегеніне көн­діріп келеді. Адамның жылап отырып, күлетіні бар, кейде осыған таңғалам. Сырт көзге жаным жайсаң бір жанмын. Өз-өзіммен жеке бір қалғанда үһілеткен күрсінісімді кім біліп жатыр, Әнаға? Өзіме ғана аян бір тұңғиық құбылыс, ол. Кейде оған өзге түгіл өзімнің зердем жетпейді. Іштей жылап отырып, мырс етем. Тағдыр тәлкегімен махаббат мазағына ұшырап: «Джульетта…Джульет­та!» деп ұмсына тілек етіп, түнек түндей түнерген жүрегінен ай нұрын таратып, «Айлы сонатасын» мөлдіреткен Бетховен қандай құдіретті еді, Әнаға! Мен және Тағдыр… осы екеуіміз арбасып жүрміз, Әнаға. Жаңағы вальсті – «Махаббат вальсі» деп атадым. Ол – менің қас-қағым сәттік жаз күлкім, шат­тығым, бақытым! Осы сөзіме көктегі Жұлдыз, Ай куә! Бізді аялаған мына ұлы тіршілік куә! «Махаббат вальсіне» мәз болған жаңағы ғазиз жүректер куә! Бәрі куә!
Әнуарбек Бекеннің көзінен жылт ете түскен жас тамшысын көрді.
– Тіршілік қандай нұрлы, қандай нұрлы! – дей берді Бекен.
Әнуарбектің құр сүлдесі тұр. Іші алау-жалау… алақұйын бірдеме. Бекенге тіктеп қарай алмады.
 

Илья Жақанов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға