Жаңалықтар

Журналистік сұхбат немесе әңгіме-дүкен әдебі

Журналистік әдеп әлемінің бір қыры – адамдармен, авторлармен сөйлесе білу, сырласа, сыр тарта білу өнері. Бұл мәселеде журналистке шешендік өнер де тән. Жалпы моральдық-тикалық нормаларды сақтай отырып, журналист адамдармен сұхбат жүргізу, әңгімелесу барысында қандай-қандай нәрселерді ескеріп, қандай жағдайлардан бойын аулақ ұстау керек? 1. Әзілдесіп-қалжыңдасып, ақжарқын әңгімелесу («Әзілің жарасса, атаңмен ойна». Норма). 2. Сынасып әңгімелесу. 3. Күтіп, тосып, жылы жүз танытып әңгімелесу. 4. Сырласып әңгімелесу (Бауыржан: «Сынаспай сырласпа»). 5. Сыбырласып әңгімелесу (Басқаның мазасын алмау). 6. Ішіп алып, іші бауырға кіріп әңгімелесу. 7. «Жаным», «күнім» деп жалынып сөйлеу. 8. Басын бар қауіп-қатерге тігіп, жалындап сөйлеу. 9. Жағынып, шағынып сөйлеу. 10. Лапылдап-жылмаңдап, жасанды сөйлеу. 11. Мұп-мұздай, сұп-сұр бетпен жылусыз сөйлеу. 12. Қас-қабақпен сөйлеу. 13. Қорқытып, үркітіп, екпіндеп, айбат шегіп сөйлеу. 14. Ақылмен, сабырмен, табиғи, шешен сөйлеу және т.б. Журналистік шығармашылық және сөз әдебі. Тілдік этикеттер нормаларының сақталмауы көп жылдардың әңгімесі, қазіргі уақыттың бір проблемасы. Журналистік шығармашылық және сөз әдебі «табу», «эвфемизм» терминдерімен тығыз байланысты. Табу да, эвфемизм де барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым. Табу – тыйым салынған, айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар. Эвфемизмнің мағынасы ішуге болмайтын тағамды ішуге болатын тағаммен ауыстыру. Киюге болмайтын киімді киюге болатын киіммен ауыстыру. Сөз нормасы, сөз әдебі де сол. Бұл заңдылықтар қазіргі баспасөздің көбісінде сақталмайды. Ал тележүргізушілердің бұл заңдылықтарды сақтауы көбінесе өздерінің білім деңгейіне байланысты. Эстетика. Эстетика философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философиялық ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркем өнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды. Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканың грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысты А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді. Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар өнердңің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай дамытып отырған. Эстетика этикамен өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай тығыз байланысты, өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы. Кенжеғалиева Ж.
11.11.2013 07:08 7192

Журналистік әдеп әлемінің бір қыры – адамдармен, авторлармен сөйлесе білу, сырласа, сыр тарта білу өнері. Бұл мәселеде журналистке шешендік өнер де тән. Жалпы моральдық-тикалық нормаларды сақтай отырып, журналист адамдармен сұхбат жүргізу, әңгімелесу барысында қандай-қандай нәрселерді ескеріп, қандай жағдайлардан бойын аулақ ұстау керек?
1. Әзілдесіп-қалжыңдасып, ақжарқын әңгімелесу («Әзілің жарасса, атаңмен ойна». Норма).
2. Сынасып әңгімелесу.
3. Күтіп, тосып, жылы жүз танытып әңгімелесу.
4. Сырласып әңгімелесу (Бауыржан: «Сынаспай сырласпа»).
5. Сыбырласып әңгімелесу (Басқаның мазасын алмау).
6. Ішіп алып, іші бауырға кіріп әңгімелесу.
7. «Жаным», «күнім» деп жалынып сөйлеу.
8. Басын бар қауіп-қатерге тігіп, жалындап сөйлеу.
9. Жағынып, шағынып сөйлеу.
10. Лапылдап-жылмаңдап, жасанды сөйлеу.
11. Мұп-мұздай, сұп-сұр бетпен жылусыз сөйлеу.
12. Қас-қабақпен сөйлеу.
13. Қорқытып, үркітіп, екпіндеп, айбат шегіп сөйлеу.
14. Ақылмен, сабырмен, табиғи, шешен сөйлеу және т.б.
Журналистік шығармашылық және сөз әдебі. Тілдік этикеттер
нормаларының сақталмауы көп жылдардың әңгімесі, қазіргі уақыттың бір проблемасы.
Журналистік шығармашылық және сөз әдебі «табу», «эвфемизм» терминдерімен тығыз байланысты.
Табу да, эвфемизм де барлық халықтарда кездесетін этнографиялық ұғым.
Табу – тыйым салынған, айтуға болмайтын сөздер, ұғымдар.
Эвфемизмнің мағынасы ішуге болмайтын тағамды ішуге болатын тағаммен ауыстыру. Киюге болмайтын киімді киюге болатын киіммен ауыстыру. Сөз нормасы, сөз әдебі де сол. Бұл заңдылықтар қазіргі баспасөздің көбісінде сақталмайды. Ал тележүргізушілердің бұл заңдылықтарды сақтауы көбінесе өздерінің білім деңгейіне байланысты.
Эстетика. Эстетика философиялық ілім. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. Кейбіреулер философиялық ғылымнан гөрі өнерге жақындастырады. Ол рас та, өйткені оларға негізгі ортақ нәрсе жеке тұлғаның, даралықтың үлкен орын алатындығы. Бірақ көркем өнер үшін тұлға тағдырының басқаларға ұқсамайтын кездейсоқтығы, бірегейлігі маңызды болса, философия үшін жалқылық жалпылықтың көрінуі мен жүзеге асуының формасы ретінде маңызды.
Эстетика ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканың грек тіліндегі «айстетикос» сөзінен құрастырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «айстетикос» сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір әлі күнге дейін «анестезия» сөзінде кездеседі.
А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден бір көрініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Сөтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.
Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысты А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап та келеді.
Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар өнердңің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай дамытып отырған.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелік қалай байланысты болса солай тығыз байланысты, өйткені, өнер сезімге әсер ете отырып, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөліну барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы – ар тазалығы. Олай болса, эстетикалық тәрбие имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.

Кенжеғалиева Ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға