Жаңалықтар

Ұлттық-халықтық салт-дәстүр және журналистика

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы грек тілінен енген этика терминініңтура мағынасы.    Этикет тәртіп мағынасын беретін француз тілінен енген термин.   Этика, этикет терминдерінің тағы бір мағынасы – ізет, құрмет, ілтипат, тағзым – әдебі көбірек айтылады.  Журналистік жауапкершілік – журналистік әдеп әлемі тақырыбының бір үлкен тарауы. Бұл мәселеде мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған журналистік шығармашылықтағы әдеп-мораль нормаларын сақтау жайына баса назар аударылады.  Баспасөз бостандығы. Журналистің құқықтары мен міндеттері. Журналистің бүкіл іс-әрекеттері заңның шегінде. Журналистке сөз бостандығын теріс пайдалануға жол жоқ.  Журналист өз қызмет бабында, шығармашылығында Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңның, халықаралық шарт-ережелерді және редакциялық жарғыны басшылыққа алады.  Заң нормаларын сақтамау, заңды құрметтемеу – заңсыздық. Әдепсіздік. Журналист мұндай жағдайда заңның алдында жауап береді.  Редакция почтасы. Хат-қолжазбалармен жұмыс әдебі. Хат-қолжазбалар тағдырын шешетін редакция қызметкерлері.  Моральдық-этикалық тұрғыдан журналист әр хаттың артында адам бар, адамның тағдыры бар, көз жасы, үміті бар деп түсінеді. Еңбекшілердің хат-қолжазбаларына қамқорлықпен, құрметпен қарау жайында кешегі (кеңес) қоғам тұсында да аз талап қойылған жоқ. «Совет баспасөзі мен радиода қоғамдық бастамаларды одан әрі жақсарту туралы» және «Совет баспасөзінің жұмысшы және село тілшілерінің бұқаралық қозғалысына басшылықты жақсарту туралы» қаулыларының негізгі принциптері қазір де маңызын жойған жоқ. Авторлар мен тілшілер – басылымдардың негізгі тірегі, сенімді күші. Журналистік іскерлік, журналистік шеберлік тек шығармашылықпен ғана өлшенбейді. Іскерлік, шеберлік автор тарту, авторлармен жұмыс мәдениетінде де көрінеді. Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі. Журналист жұмыс үстінде. Журналист жол үстінде. Журналистің жұмыс күні. Журналистің жұмыс столы. Журналистің жұмыс жоспары. Журналистің жұмыс киімі. Журналистің жұмыс құралдары. – Бәрі-бәрі журналистің жүріс-тұрыс әдебіне енеді. Бұл әдепке қатысты заңдылықтар тікелей теледидар функциясына, бағытына байланысты. Мысалы, ақпараттық функцияны орындайтын жаңалықтардағы жаршылар (дикторлар) тиянақты болуы керек, бұл оның киіміне де, өзін ұстауына да қатысты. Оларда артық қимыл жасау (көздерін жыпылықтатып, теңселіп, қолдарын ербеңдетіп және т.б.), күрделі, түсініксіз, ұзын құрмалас сөйлемдер айту этикаға қарама-қайшы келеді. Олар жаңалықты нақты, қысқа және түсінікті етіп жеткізе білуі керек. Ал ойын-сауық бағдараламаларының жүргізушілері, керісінше, өз талғамы бойынша киім киіп, өзіндік стиль қалыптастыруға тырысады. Бағдарламаларды қызықты өткізу үшін, оларда, кейбір кездерде мимикалық шектен тыс қимылдар келтіріліп (әсіресе, музыкалық бағдарламалар) те жатады.     Кенжеғалиева Ж.
11.11.2013 07:06 6857

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы грек тілінен енген этика терминініңтура мағынасы.    Этикет тәртіп мағынасын беретін француз тілінен енген термин.
  Этика, этикет терминдерінің тағы бір мағынасы – ізет, құрмет, ілтипат, тағзым – әдебі көбірек айтылады.
 Журналистік жауапкершілік – журналистік әдеп әлемі тақырыбының бір үлкен тарауы. Бұл мәселеде мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған журналистік шығармашылықтағы әдеп-мораль нормаларын сақтау жайына баса назар аударылады.
 Баспасөз бостандығы. Журналистің құқықтары мен міндеттері. Журналистің бүкіл іс-әрекеттері заңның шегінде. Журналистке сөз бостандығын теріс пайдалануға жол жоқ.
 Журналист өз қызмет бабында, шығармашылығында Қазақстан Республикасының Ата Заңын, Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңның, халықаралық шарт-ережелерді және редакциялық жарғыны басшылыққа алады.
 Заң нормаларын сақтамау, заңды құрметтемеу – заңсыздық. Әдепсіздік. Журналист мұндай жағдайда заңның алдында жауап береді.
 Редакция почтасы. Хат-қолжазбалармен жұмыс әдебі. Хат-қолжазбалар тағдырын шешетін редакция қызметкерлері.
 Моральдық-этикалық тұрғыдан журналист әр хаттың артында адам бар, адамның тағдыры бар, көз жасы, үміті бар деп түсінеді. Еңбекшілердің хат-қолжазбаларына қамқорлықпен, құрметпен қарау жайында кешегі (кеңес) қоғам тұсында да аз талап қойылған жоқ. «Совет баспасөзі мен радиода қоғамдық бастамаларды одан әрі жақсарту туралы» және «Совет баспасөзінің жұмысшы және село тілшілерінің бұқаралық қозғалысына басшылықты жақсарту туралы» қаулыларының негізгі принциптері қазір де маңызын жойған жоқ.
Авторлар мен тілшілер – басылымдардың негізгі тірегі, сенімді күші. Журналистік іскерлік, журналистік шеберлік тек шығармашылықпен ғана өлшенбейді. Іскерлік, шеберлік автор тарту, авторлармен жұмыс мәдениетінде де көрінеді.
Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі. Журналист жұмыс үстінде. Журналист жол үстінде. Журналистің жұмыс күні. Журналистің жұмыс столы. Журналистің жұмыс жоспары. Журналистің жұмыс киімі. Журналистің жұмыс құралдары. – Бәрі-бәрі журналистің жүріс-тұрыс әдебіне енеді. Бұл әдепке қатысты заңдылықтар тікелей теледидар функциясына, бағытына байланысты. Мысалы, ақпараттық функцияны орындайтын жаңалықтардағы жаршылар (дикторлар) тиянақты болуы керек, бұл оның киіміне де, өзін ұстауына да қатысты. Оларда артық қимыл жасау (көздерін жыпылықтатып, теңселіп, қолдарын ербеңдетіп және т.б.), күрделі, түсініксіз, ұзын құрмалас сөйлемдер айту этикаға қарама-қайшы келеді. Олар жаңалықты нақты, қысқа және түсінікті етіп жеткізе білуі керек. Ал ойын-сауық бағдараламаларының жүргізушілері, керісінше, өз талғамы бойынша киім киіп, өзіндік стиль қалыптастыруға тырысады. Бағдарламаларды қызықты өткізу үшін, оларда, кейбір кездерде мимикалық шектен тыс қимылдар келтіріліп (әсіресе, музыкалық бағдарламалар) те жатады.
    Кенжеғалиева Ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға