Жаңалықтар

Қазақстанда «Музей түні» дәстүрлі акциясы басталды

Қазақстанда «Музей түні» дәстүрлі акциясы басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 17.05.2024 23:41 438

18 мамыр – Халықаралық музей күні қарсаңында елімізде «Музей түні» акциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Музей түні» аясында дәстүрлі түрде келушілерге көрме, концерт, экскурсия, шеберлік сыныбы және интерактивті іс-шараларды қамтитын бағдарлама ұйымдастырылады.

Қазақстанда аталмыш жоба 2006 жылдан бері өткізіледі. ҚР Орталық мемлекеттік музейі бұл іс-шараға белсенді түрде қатысып келеді. Сонымен қатар бүгін «Музей түні» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында, «Ұлытау» ұлттық музей-қорығында, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында, «Ботай» музей-қорығында өтеді, - делінген мәліметте.

18 мамырда аталмыш іс-шара ҚР Ұлттық музейінде, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде, «Әзірет-Сұлтан» және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға