Жаңалықтар

Алматыда бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адамға іс қозғалды

Алматыда бұрынғы әйелін соққыға жыққан ер адамға іс қозғалды
Фото: Видеодан кадр 17.05.2024 15:17 697

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққаны видеоға түсіп қалды. Желіде қызу талқыға түскен оқиға полиция назарында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадан байқағанымыздай, лифт алдында тұрған екі ер адамның қасына әйел жүгіріп барады. Артынша бұрынғы күйеуі барып, ұрып-соғады. Желі қолданушылары оқиға куәгерлерінің үнсіз қарап тұрып, әйелге көмектеспегеніне қынжылған.

Аталған жағдайға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға