Жаңалықтар

Ташкенттегі Азия чемпионатында Елжан Таниева екі бағдарламадан соң көш бастады

Ташкенттегі Азия чемпионатында Елжан Таниева екі бағдарламадан соң көш бастады
Фото: Olympic.kz 03.05.2024 03:39 455

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғауда. Алғашқы екі бағдарламадан соң (алғашқы он спортшы арасында) Эльжана Таниева бірінші орында келеді. Ол шығыршықпен жаттығуда 34,3, доппен жаттығуда 33,85 ұпай жинап, жалпы есебі 68.15 ұпай иеленді. 

Айбота Ертайқызы 65.15 ұпаймен үшінші орында келеді. Бұл аралық нәтижелер екенін еске саламыз. Көпсайыста жеңіске жеткен спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға