Жаңалықтар

«Ұятты жерлерін видеоға түсірген». Бишімбаев Салтанатты масқаралағысы келген бе

«Ұятты жерлерін видеоға түсірген». Бишімбаев Салтанатты масқаралағысы келген бе
Фото: коллаж El.kz 02.05.2024 17:16 1455

Сот жарыссөзі кезінде жәбірленуші тараптың адвокаты Әлия Омарова Салтанат Нүкенованың өмірінің соңғы сәттерінде болған сұмдық жайтты айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, қарашада далаға жалғыз күртешемен шыққан Салтанат тоңғаны соншалық, көлікке отыру үшін рұқсат сұраған. Бишімбаевты бұл өтініші еш алаңдатпайды. Ол «Ұялып тұрсың ба?» деп, мазақ еткен. Ол 8.24-те түсірілген видео жайында да сөз қозғады.

Салтанат толықтай жалаңаштанған, Бишімбаев оған 20 минут бойы не істегені белгісіз. Әйелін мұқатуды көздеген ол оны одан сайын қорлаған, оны еденде тыр жалаңаш еңбектеп, бірдеңе іздеуге мәжбүрлеген, бірнеше рет тіл тигізген, - дейді адвокат.

Адвокат видеодан Салтанат отырған кезде Бишімбаев оның аяғын ашып, барлық ұятты жерін видеоға түсірмекші болып, ұялы телефонының камерасын солай қарай бағыттағанын да айтып өтті. Осыны аңғарғандай Салтанат кеудесін жауып, аяғын қысып отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға