Жаңалықтар

«Фольклор ханшайымы». Мақпал Жүнісованың видеосы көпшілікті елжіретті

«Фольклор ханшайымы». Мақпал Жүнісованың видеосы көпшілікті елжіретті
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal 02.05.2024 14:04 691

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова Instagram-аккаунтында мұрағаттан видео жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бұл видеоның 2007 жылы түсірілгенін алға тартты. Кадрда ұлттық нақышта тігілген ақ көйлек киген әнші халық әнін орындап тұр.

Халық әні «Әпитөк», 2007 жыл, - деп жазба қалдырды Жүнісова.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Оқырман қауым өнер иесінің дауысына, сұлулыға тәнті болып пікір қалдырған.

«Қарапайымдылығыңызға тәнтімін. Құдды бұлбұл ән шырқап тұрғандай», «Қандай әдемісіз, тазалықтың белгісі», «Міне, нағыз образ», «Әдемі, жас әрі дауысы да керемет», «Сіздің шығармашылығыңызды жақсы көремін», «Фольклор ханшайымы», - деп жазды оқырман.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға