Жаңалықтар

Қырғызстанда жүк көлігі 29 оқушыны қағып кетті

Қырғызстанда жүк көлігі 29 оқушыны қағып кетті
Фото: Kaktus 02.05.2024 18:00 692

Қырғызстанда ашық аспан астында «Манас» жырын айтып тұрған 29 оқушыны балмұздақ сататын фургон қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқушылардың жетеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

24.kg мәліметінше, қайғылы оқиға мәдени іс-шара кезінде болған. Жасөспірімдер «Манас» жырынан үзінді оқып тұрған. Іс-шара барысында «Портер» жүк көлігі төмен сырғып кетіп, балаларды қағып кеткен.

Апат салдарынан орта мектептің 9 бен 16 жас аралығындағы 29 оқушысы әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазір үшеуінің жағдайы ауыр деген ақпарат бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға